
Үкімет Қазақстанда қосылған құн салығын (ҚҚС) көтеруді ұсынып, «даму бюджетінің» көлемінің жеткіліксіз екенін мәлімдеді.
«Негізгі салық жүктемесі еңбек ақы қорына, яғни өнімнің өзіндік құнына түседі. Әлі сөреге жетпей жатып, кәсіпкер салықтардың көп бөлігін төлеуге мәжбүр. Үкімет еңбек ақы қорына түсетін жүктемені сату есебінен азайту жолын ұсынады. Ол үшін ҚҚС мөлшерлемесін көтеру қажет, бірақ сонымен бірге әлеуметтік жүктемені және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы төлемдерін азайту керек», – деді премьер-министр Олжас Бектенов сейсенбі күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен кеңейтілген үкімет отырысында.
Премьер-министрдің айтуынша, «даму бюджеті жеткіліксіз».
«Дамыған елдерде ол мемлекеттік шығындардың 25%-на дейін жетеді. Бізде бұл көрсеткіш небәрі 8%. Шамамен 26 трлн теңге республикалық бюджеттен дамуға тек 2 трлн теңге бөлінеді. Қалғаны – ағымдағы бюджет, оның айтарлықтай бөлігі әлеуметтік шығындарға жұмсалады. Экономикалық дамудың негізін құрайтын салалар: электр және жылу энергетикасы, су шаруашылығы, газ тасымалдау жүйесі, жолдар, инженерлік желілер мен инфрақұрылым жеткілікті қаржыландырылмай отыр. Даму институттары да қажетті өтімділікпен қамтамасыз етілмеген. Мұндай жағдайда жоғары өсу қарқынын қамтамасыз ету қиын», – деп атап өтті премьер.
Оның пікірінше, салық-бюджет жүйесін сауықтыру бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру қажет.
«Қазіргі салық жүйесі мемлекетке қажетті инвестициялар көлемін қамтамасыз етпейді және кәсіпкерлер үшін әділетсіз. (…) Үкімет еңбекақыға салынатын салықты сатылымға қайта бөлу қажеттігін қолдайды. Бұл біздің кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, олар үшін қаржылық резервтерді қалыптастырады. Еңбек ақы қорына түсетін жүктемені азайту бизнестің қызметкерлер жалақысын көтеруіне мүмкіндік береді», – деп түсіндірді Бектенов.
Айта кетейік, бір жыл бұрын ҚҚС реформасының қажеттілігі туралы Президент Тоқаев та үкіметтің басқа отырысында мәлімдеген болатын.
-
07.02.2025
-
07.02.2025
-
07.02.2025
-
07.02.2025
-
07.02.2025
-
07.02.2025
-
07.02.2025
-
07.02.2025
-
07.02.2025