Біз
әлеуметтік
желіде
18-06-25 |
250 рет қаралған
Үкіметтің қарыздарын өтеуге бюджеттен 5,6 трлн теңге жұмсалған.
Үкіметтің қарыздарын өтеуге бюджеттен 5,6 трлн теңге жұмсалған

2024 жылы үкіметтің борышын өтеуге 5,6 трлн теңге жұмсалып, ол бюджет шығыстарының 41,6%-на жеткен. Бұл туралы мәжіліс депутаты Ұласбек Сәдібеков айтты.

2024 жылы үкіметтік борышты (қарызды) өтеу және оған қызмет көрсетуге жұмсалатын шығыстар артты. Егер 2023 жылы бұл көрсеткіш бюджет шығыстарының 28,3%-ын құраса, 2024 жылы ол 41,6%-ға (5,6 трлн теңге) жетті. 2025 жылдың басында мемлекеттің жалпы борышы (қарызы) 31,8 триллион теңге болды, бұл — ЖІӨ-нің 23,5 пайызына тең. Осы соманың 30,1 триллионы — Үкіметтің борышы (қарызы). Мемлекеттік борышты өтеу мәселесі үлкен алаңдаушылық тудырады, — деді депутат.

Бүгін мәжілістің жалпы отырысында 2024 жылғы мемлекеттік бюджеттің орындалу барысы талқыланды.

Үкіметтің қарыздарына кім жауапты дегенге келсек, 2022 жылдың қаңтарынан 2024 жылдың ақпанына дейін үкімет басшысы Әлихан Смайылов болды. Ал Олжас Бектенов 2024 жылдың 6 ақпанынан бері премьер-министр қызметінде. Демек 2024 жылғы бюджеттің орындалуы мен үкіметтің қарыздарына Бектенов жауапты болып шығады.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.