Біз
әлеуметтік
желіде
13-01-20 |
1670 рет қаралған
2019 жылы күнкөріс минимумы 30 мың теңгеге жетпеді.
2019 жылы күнкөріс минимумы 30 мың теңгеге жетпеді

 2019 жылдың желтоқсан айында бір адамға шаққандағы күнкөріс минимумы 29,7 мың. теңгені құрап, алдыңғы жылдың сәйкес уақытымен салыстырғанда 12,4% өсті. Азық-түлік себеті 16,3 мың теңге, ал азық-түлік емес  тауарлар мен ақылы қызмет — 13,4 мың теңгені құрады. Бұл туралы finprom.kz хабарлайды

Жалпы 2019 жылы күнкөріс минимумының мөлшері негізінен азық-түліктен тұратын тұтынушының минималды нормасы 29,3 мың теңге — 2018 жылмен салыстырғанда (27,1 мың теңге) 8,4%  көбірек. Бір жыл ішінде ең көп күнкөріс минимумы қазан айында байқалған (32,2 мың теңге), тамыз (32 мың теңге) және қыркүйекте (31,8 мың теңге).

Айта кетелік, 2020 жылы әлеуметтік төлем үшін күнкөріс минимумы 31183 теңгені құрайды. Ал ең төменгі жалақы мөлшері өзгермейді, бұрынғы 42500 теңге көлемінде қалады.

2019 жылы ең жоғарғы күнкөріс минимумы Маңғыстау облысында (36 мың теңге) — Республика бойынша орташа көрсеткіштен 22,5% көбірек. Екінші орынға Нұр-Сұлтан қаласы жайғасыпты (33,8 мың теңге)  —  елдегі орташа көрсеткіштен 15,1% көп .

Үшінші болып Оңтүстік астана (32,5 мың теңге) тұр. Ал Шығыс Қазақстан (29,5 мың теңге) төртінші, Алматы облысы бесінші (29,5 мың теңге)  болып күнкөріс минимумы көрсеткі рейтиншгін бастап тұр. Осы аталған өңірлер ғана орташа күнкөріс минимумынан асып тұр..

Ал ең төменгі көрсеткіш Павлодар облысы (25,9 мың теңге) , Батыс Қазақстан (26,6 мың теңге) және Жамбыл облысы (26,8 мың теңге) қалып тұр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.