Адамзаттың дамуына көз салсақ болашағымыз қалада екенін түсінуге болады. Елімізде ғана емес, әлем бойынша қалалар кеңейіп, қала тұрғындарының саны артып келеді. Алайда, қалалар миллиондаған адамды құшақ жая қарсы алуға дайын ба?
БҰҰ бағалауы бойынша, алдағы 15 жылда әлем адамзаттың бүкіл өткен тарихына қарағанда күштірек урбандалады. Бүгінде қалаларда 3,5 миллиард адам тұрады, ал 2050 жылға қарай, олар екі есе көп, шамамен 6,5 млрд. болады деп күтілуде.
Өнеркәсіптік революцияға дейін әлемде халқы 1 млн адамнан асатын үш қала ғана болды, қазір олар 500-ден астам, ал 2030 жылға қарай олар 600-ден астам болады. Қалалық инфрақұрылымға осындай жүктеме бүгіннің өзінде сай болуды әзірлеу мен енгізуді талап ететіні сөзсіз. Қалалардың өсуімен бірге теңсіздіктің жоғарылауынан бастап, тез өсетін көптеген қалалар бейімделмеген климаттық шокқа дейін көптеген проблемалар туындайды. Өсуді жалғастыратын қалалардағы тым көп халықты тамақпен және таза сумен қамтамасыз ету керек. Сондықтан ауылдық жерлер де қатты өзгереді, оларға барлық қалаларға қызмет көрсетуге тура келеді.
Қазір бүкіл әлемде жаһандық арақатынаста smartcities сондай көп емес, сонымен бірге ақылды қала құру – инфрақұрылымның барлық деңгейлерін қозғайтын, еңбекті көп қажет ететін процесс. «Ақылды қалалар» экономикалық, экологиялық және әлеуметтік тұрғыдан тұрақты болып табылатын аумақтық құралымдарды білдіреді, бұл өз кезегінде дарынды мамандар мен инновацияларды тартады. «Ақылды қалаларды» құрудағы көшбасшылар дәстүрлі технологиялық державалар: АҚШ, Еуропа, Жапония, Оңтүстік Корея болып табылады. Arup консалтингтік компаниясының болжамына сәйкес, 2020 жылға қарай «ақылды» қалалық қызметтердің әлемдік нарығы жылына $400 млрд. құрайды.
Қазақстан халықтың төмен тығыздығымен (орта есеппен – бір ш.км-ге 6,6 адам) және урбандалудың орташа деңгейімен (56,8%, Ресейде – 74%, Малайзияда – 77%-бен салыстырғанда) сипатталады, бұл әлеуметтік қызметтерді ұсыну және инфрақұрылым құрылысының құнын арттырады және қызмет көрсету саласының дамуын шектейді. Сонымен бірге шағын ауылдардың үлесі (500 адамға дейін) елдің барлық ауылдық елді мекендерінің шамамен 52% құрайды.
Аустралия мен Канаданың тәжірибесі бойынша (урбандалу деңгейі 80-90%, сонымен бірге халықтың 60% әлемдік деңгейдегі 3 ірі қалаларында шоғырланған) жоғары тұтынушылық әлеуеті бар нарықтарды қалыптастыру үшін 30 дамыған елдердің қатарына кіру тұжырымдамасын іске асыру аясында экономикалық өсу орталықтарының дамуына ерекше назар аударылатын болады. Осыған орай, Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе – агломерациясын құруды жеделдету жоспарланған. Осы қалаларды ұлттық деңгейдегі хаб-қалалар ретінде анықтайтын макроөңірлерді қалыптастыру Қазақстанда бірыңғай экономикалық нарық құруға мүмкіндік береді. Агломерацияны дамыту мәселесі, әсіресе инвестицияларды тарту, инновацияларды, жайлы қалалық ортаны, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру үшін жалға берілетін тұрғын үй құрылысын дамыту бойынша ерекше бақылауға алынған. Моно- және шағын қалаларды дамытуда экономиканы әртараптандыру бойынша шаралар қабылдауға, оның ішінде шикізаттық емес сектордағы «зәкірлік» жобаларды іске асыру, жаңа өндірістерді орналастыру, шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсету, сондай-ақ инфрақұрылымды дамытуға баса назар аударылады.
Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында «Ақылды қалалар» еліміздің бүкіл аумағында өңірлік дамудың, инновацияларды таратудың және өмір сүру сапасын арттырудың қозғаушы күші болатынын атап өтті. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында еліміздің 5 ірі қалаларында «Smartcity» дамыту көзделген: SmartAstana, SmartAlmaty, SmartKaraganda, SmartOntystuk, SmartAktobe.
«SmartAstana» аясында бүгіннің өзінде бейне бақылау мен фото және бейне-тіркеу, «SmartAstana» мобильді қосымшасы, қалалық қызметтермен өзара әрекеттесуге арналған чат-бот, Open data – ашық деректер порталы бойынша жобалар іске асырылды. Осылайша, Астана қаласының тәжірибесі негізінде SmartCity «эталондық» стандарты құрылады. «SmartCity» тұжырымдамасы Қазақстанның барлық қалаларында іске асырылатын болады, «SmartAlmaty» жеке элементтері басқа қалаларда жүзеге асырылуда.
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024