Мамырдың 17-19 күндері Елордада Астана экономикалық форумы ресми түрде 11-рет өз жұмысын бастады.
Форумға 6 120 адам қатысты. Оның 1 147-сі – 111 елден келген шетелдік меймандар. Үш күндік форум жұмысын ақпараттандыруға 1000-ға жуық БАҚ өкілдері атсалысса, оның 120-сы шетел журналисттері.
Жаһандық қатерлер саммитінің белгілік іс-шарасы –президент Н.Назарбаевтың қатысуымен өтті. Пленарлық отырыстағы өз сөзінде Мемлекет басшысы 5 ірі қатерге егжей-тегжейлі тоқталды.
Бірінші – цифрландыру. 2030 жылға қарай жасанды интеллект әлемдік ЖІӨ-ге 15% деңгейінде үлес қосады.
Екінші қатер – энергетикалық революция. Әлемнің таза энергияға қарай қозғалысы. Соңғы 30 жылда ЖЭК пайдалану 13 есе ұлғайды. Күн панельдерінің құны соңғы 5 жылда 2 есе төмендеді.
Үшінші – ұзақ өмір сүру. Барлық әлемде соңғы 70 жылда қол жеткізілуі тиіс 48 жастан 71 жасқа дейінгі өмір сүру ұзақтығы ұлғаюда. 2050 жылға қарай, 10 млрд. халықты қамтамасыз ету үшін бізге азық-түлікті 60%-ға арттыру қажет.
Төртінші қатер – урбанизация қарқыны. БҰҰ болжамы бойынша, 2050 жылға қарай, қала халқының үлесі 70% жетеді.
Бесінші қатер – бұл әлемдік еңбек нарығының тенденциялары. Барлық жерде жүргізіліп жатқан автоматтандыру мен роботтандыру жұмыс орындарын босатуға алып келеді. Болашақта, жұмысшылардың 80%-ы роботтармен ауыстырылады.
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024