25-09-19 |
2530 рет қаралған
Қазақстан мен Польшаның тауар айналымы 1,2 млрд долларды құрады.
Қазақстан мен Польшаның тауар айналымы 1,2 млрд долларды құрады

Қазақстан мен Польшаның тауар айналымы өткен жылы 1,2 млрд долларды құрады. Сондай-ақ еліміде Польшаның 100-ден астам компаниясы жұмыс істейді. Бұл туралы мемлекет президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясы алаңында Польша Президенті Анджей Дудамен екіжақты келіссөздер жүргізу барысында айтты деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Кездесу барысында мемлекеттер көшбасшылары екіжақты ынтымақтастықтың перспективалары, соның ішінде, Еуропалық Одақ шеңберіндегі қарым-қатынас мәселесі талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясының аясындағы жоғары деңгейдегі Қазақстан-Польша кездесулері игі дәстүрге айналғанын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Анджей Дуданың 2015 жылы қыркүйек айында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен танысқанын, сондай-ақ, Польша көшбасшысының 2018 жылдың қаңтар айында Елбасымен бірге БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тақырыптық брифингіне қатысқанын мысалға келтірді.

Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан мен Варшава арасындағы достық және өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға дайын екенін атап өтіп, Қазақстан мен Польша арасындағы байланыстардың беки түскенін айтты.

– 2018 жылы елдеріміздің арасындағы  екі жақты тауар айналымы 1,2 млрд долларды құрады. Қазақстанда Польшаның 100-ден астам компаниясы белсенді жұмыс істеуде. Біздің қарым-қатынастарымыздың дамуына Қазақстанның Польша азаматтары үшін визалық режимді алып тастауы, сондай-ақ, 2017 жылы Нұр-Сұлтан мен Варшава арасында тікелей әуе қатынасының іске қосылғаны елеулі үлес қосты, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Анджей Дудаға Қазақстанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылғанын айтты. Дәл осындай құрылым Польша Президентінің басшылығымен бұл мемлекетте де жұмыс істейді», -деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.