Жыл сайын электрондық коммерция нарығы 30%-ға өсуде. Елімізде сауда көшбасшыларының айтуынша, өткен жылы жалпы электронды сауда нарығында қазақстандықтар 20,144 млрд. теңге шамасында сауда жасаған. Орташа есеппен электронды сауда бағасы 19% -ға өсіп, онлайн саудадағы бір түбіртек құны 34,742 теңгені құрап отыр.
Барлық тауарды онлайн сатып алуға болады
Көбіне тұтынушылар дене күтімі мен денсаулықты сақтауға арналған тауарларды, үйге арналған дүниелер мен бақша жабдықтарын, техника мен электронды құрылғыларын және де балалар ойыншықтарын – қуыршақтар, конструкторларға тапсырыс береді.
Жаңа технологиялардың электронды коммерцияға енгізілуі арқасында алдағы уақытта электронды тапсырыс берушілер азық-түліктер мен сусындарды да онлайн сатып алатын болады. Соңғы жылдары электронды сауда саласындағы сұраныс дәрілік заттар, азық-түлік, сұлулық (көбінесе косметика және парфюмерия) және денсаулық күтіміне арналған тауарларға өсіп келеді.
Мамандардың болжамы бойынша Қазақстандағы электронды сауда саласында шетелдік фармацевтика өнімдеріне және бренд киімдерге тапсырыс беру ұлғаяды.
Онлайн сауданы кімдер жасайды?
Онлайн режимде сауда жасаушылардың аудиториясында әйелдер қауымы 8%-ға артық. Интернетте тауарларды сатып алуға және де тапсырыс беруге тұтынушылар көбіне смортфондар қолданады. Бұл тұрғыдан тұтастай алғанда, қазақстандықтар ТМД елдерінің сатып алушыларынан әлдеқайда мобильді. Қазақстандағы халықаралық зерттеулердің деректері бойынша электронды сауданың 70%-ы ұялы құрылғылардан жасалады, ал Украинада – 43%, ал Беларусь елдерінде – 35% ұялы телефондар арқылы сауда жасайды екен.
Электронды сауда жасаушылардың көбі 18-34 жастағы азаматтар мен азаматшалар. Қазақстан бойынша электронды сауда көшбасшысы Алматы қаласы болып отыр, одан кейін Астана қаласы тұрғындары.
Көбіне қазақстандықтар жұмыс күндері, яғни дүйсенбіден бейсенбіге дейін электронды тапсырыс береді, ал жұма және демалыс күндері электронды сатып алу белсенділігі азаяды. Дүйсенбі күні – 17% тапсырыс берсе, сенбі күндері – 10%-ды құрайды.
Қазақстанның электронды коммерция нарығы Батыс елдеріндегідей ауқымды болмаса да, бәсекелестік жоғары деңгейде. Тұрақты тұтынушылардың Сол себепті онлайн сатушыларға арзан тауарлар бағасы есебінен ғана алға шығу мүмкін емес, онымен қоса қызмет көрсету жағдайы да ерекше ескерілуі тиіс.
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024