27-03-19 |
8620 рет қаралған
Қазақстандағы мұнай қоры Қытайдан көп. Қазақ мұнайының қызығын кімдер көріп отыр? (тізім).
Қазақстандағы мұнай қоры Қытайдан көп. Қазақ мұнайының қызығын кімдер көріп отыр? (тізім)

Қазақстан мұнайға бай 15 елдің ішінде 12-орында тұр. Қазақ мұнайының қоры 30 млрд. баррель. Мұнай қоры жағынан Қытай мен АҚШ-тан алда. Мәселен, Қытайдың мұнай қоры 25,6 млрд баррель, АҚШ-тың мұнай қоры – 36,5 млрд. баррель. Мұндай деректерді
visualcapitalist.com жариялады. visualcapitalist.com бұл деректерд АҚШ-тың орталық барлау басқармасының анықтамалығынан алғанын жазады. Орталық барлау басқармасының веб-сайтындағы тізімде 127 елдің мұнай қоры көрсетілген. Ал мұнайға бай он бес елдің тізімі мынадай:

Бір қызығы, мұнайға бай елдердің көшін бастап тұрған Венесуэлада терең экономикалық дағдарыс орнап, қазір де елдегі саяси жағдай шиеленісіп тұр. Сол секілді мұнай қоры жағынан ондыққа кіретін Ресейдің де экономикалық жағдайы айтарлықтай жақсы емес. Ал Қазақстандағы экономикалық жағдай сыр беріп, кейінгі кезде елде көп балалалы аналардың, тұрмысы төмен отбасылардың наразылығы күшейді.2017 жылғы деректерге қарағанда, Қазақстанда 298 мұнай-газ өндіру саласында жұмыс істейді. Айтпақшы, өткен айда мұнайлы өңір саналатын Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласындағы жұмыссыз қала тұрғындары биліктен жұмыс тауып беруін талап еткен еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.