29-11-19 |
1110 рет қаралған
Қазақстандық банктер шетелге $2 млрд. шығарған.
Қазақстандық банктер шетелге $2 млрд. шығарған

2019 жылдың бірінші жартыжылдығында қазақстандық банктер $2 млрд. шетелге шығарған. Бұл туралы «Араша» сайты «LS-ке» сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық банктің мәдіметінше, бұл олардың  шетелдік шоттардағы активтерінің өсуімен байланысты.

«Ағымдағы жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша жеке сектордың капиталды шетелге шығарудың таза үлесі өткен жылдың осы кезеңіндегі $1,9 млрд таза әкелумен салыстырғанда $3,3 млрд-ты құрады. Сондай-ақ, банктердің операциялары бойынша капитал $2 млрд. шығарылды. Басқа секторлар бойынша таза әкету $1,3 млрд капиталды құрап отыр, ол банктік емес сектор кәсіпорындарының портфеліндегі шетелдік бағалы қағаздардың көбеюі есебінен активтердің өсуімен, банктік емес сектор кәсіпорындарының дебиторлық берешегінің және төлем балансында жіктелмеген жеке тұлғалардың қолма-қол шетел валютасымен операция жасауы өсуі салдарынан болды», -деп хабарлайды ведомство.

Сондай-ақ, Ұлттық Банкте төлем балансының операциялары бойынша резервтік активтер $5,4 млрд.төмендегенін атап өтті. Қысқартудың болу себебі резиденттер қаражатын ведомствода валюта есепшоттарынан алып қою мен Ұлттық қор теңгелей активтерін валютаға конвертация жасау.

«Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне олар $ 28,2 млрд бағаланған, бұл тауарлар мен қызметтердің қазақстандық импортының 7,2 айын қаржыландыру қажеттілігін жабады», -деп отыр Ұлттық банк.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.