24-04-19 |
3340 рет қаралған
Қазақстандықтар қандай тағамды көп тұтынады?.
Қазақстандықтар қандай тағамды көп тұтынады?

Статистика комитетінің мәліметтері бойынша Қазақстан халқы сүт тағамдарын көп тұтынады. Ал балық пен теңіз өнімдері аз қолданылады екен.

Өткен жылы тұтынылға сүт өнімдері жан басына шаққанда 261,3 кг болса, 2017 жылы 237,7 кг екен. Одан кейін жұмыртқа (193,3кг), нан өнімдері және жарма өнімдері (138,5кг), көкөністер (94,1кг) , ет және ет өнімдері (77,9кг) , сосын жемістер (74,9кг).

Картопты да халқымыз көп тұтынатын көрінеді, жан басына шаққанда 2018 жылы 48,6 кг көкөністің осы түрі желінсе, алдыңғы жылы 46,9 кг тұтынылған. Ал қант, джем, бал, шоколад, кондитерлік өнімдер де алдыңғы жылмен салыстырғанда көбірек тұтынылыпты, 2017 жылы олардың тұтынылу көрсеткіші 41,3 кг құраса, былтыр 46,3 кг екен. Май және тоң май бір адамға шаққанда 19,2 кг пайдаланылыпты.

Балық және теңіз өнімдері алдыңғы жылмен салыстырғанда біршама көбірек тұтынылған, былтыр бір жылда жан басына шаққанда 13,2 кг азық-түліктің осы түрі тұтынылса, алдыңғы жылы 10,7 кг ғана пайдаланылған.

Жалпы алғанда азық-түлік тұтыну өскені байқалады. Сүт және сүт өнімдері – 9,9%, ет және ет өнімдері – 6,8%, нан өнімдері және жарма өнімдері – 3,6% өсті.

Халықтың жан басына шаққандағы азық-түлік өнімдерінің жекелеген түрлері бойынша тұтынуы айына орташа алғанда: күріш – 1,3 кг, бірінші сортты бидай ұнынан пісірілген нан – 3,6 кг, макарон – 1 кг, сиыр еті – 2,1 кг, жаңа ауланған немесе салқындатылған балық – 0,7 кг, шикі сүт – 1,8 л, айран – 1,4 л, жұмыртқа – 16,1 дана, алма – 1,5 кг, картоп – 4 кг, құмшекер – 1,6 кг, қара шай  – 0,2 кг құрады.

Шымкент қаласы тұрғындары нан және жарма өнімдерін (182,1кг), жемістер мен көкөністерді (86,3 және 115кг), қант, джем, бал, шоколад, кондитерлік өнімдерді (59,4кг) басқа өңірлерге қарағанда көбірек тұтынатын болып шықтын. Ал ет және ет өнімдері (90кг), жұмыртқа ( 270дана), картопты (60,8кг) Қарағандылықтар көбірек тұтынады екен. Май мен таң майды (25,2кг) сүт және сүт өнімдерін (314,5кг) Ақмола облысы көбірек пайдаланады. Атырау балық пен теңіз өнімдерін (19кг) көбірек тұтынады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.