26-11-18 |
4150 рет қаралған
Азық-түліктің қымбаттауы Еуразиялық одақтың кесірі ме?.
Саясаттанушы Қазыбек Бейсебаев елде азық-түліктің қымбаттауын Еуразиялық Экономикалық Одақ нарығындағы қымбатшылықпен байланыстырған министрдің сөзін келтіріп, өзінің фейсбук парақшасында сынға алды. Саясаттанушы шетел нарығына тәуелді екенімізді айта келе, «экономикамыз қандай, шенеуніктеріміз де сондай» деді.
«Ұлттық экономика министрі отандық нарықта тауардың қымбаттауының себебін түсіндірді. Министрдің пікірінше, мұның себебі Еуразиялық Экономикалық Одақ нарығында азық-түлік қымбаттады.
Қарапайым шындықты түсіну үшін үлкен экономист болудың қажеті жоқ. Егер өзің шығармай шет елден сатып алатын болсаң, онда баға да басқалардың нарығына тәуелді болады. Өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз ететіндер санатындағы кез-келген такси жүргізушісі де нарықтық экономиканың осы бір негіздері туралы лекция оқып бере алады. Негізі, министрдің өзі тауық етінің 50 пайызы АҚШ-тан импортталатынын айтқан болатын.
Жалпы айтқанда, экономикамыз қандай, шенеуніктеріміз де сондай…..
Сосын тағы әлемнің дамыған 30 елінің ішіне кіреміз деп уәде береді….» -деп жазды саясаттанушы Қазыбек Бейсебаев өзінің фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Соңғы мақалалар.
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
МІНБЕР.
ӨЗГЕ ДЕ МАҚАЛАЛАР.