07-11-18 |
1890 рет қаралған
Эксперт: Бюрократияның кесірінен Қазақстан жылына 7 триллион теңге жоғалтады.
Эксперт: Бюрократияның кесірінен Қазақстан жылына 7 триллион теңге жоғалтады

Елде бюрократиядан шығын жыл сайын 7 триллион теңгеге дейін жетеді, -деп мәлімдеді Стратегиялық зерттеулер форумында CSI консалтингтік компаниясының басшысы, экономист Олжас Құдайбергенов.

Қазіргі уақытта стратегиялық және бюджеттік жоспарлау жүйесіне өзгерістерт енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқандығын айтқан экономист бюрократия деңгейі «күтр азаюы керек» дейді.
«Қазақстанның ең маңызды проблемаларының бірі  – елдің мемлекеттік басқару жүйесінде бар бюрократия. Бұдан тек қана халық пен бизнес саласы ғана емес,  шенеуніктердің өздері де зардап шегіп отыр. Себебі мемлекеттік мекемелерде қабылданған шешімдер баяу іске асқандықтан, жүзеге асырылуы керек жұмыстарға әсер етеді. Біздің есебіміз бойынша, егер бюджеттен бөлінетін қаражат кешіктірілмесе, мемлекеттің ішкі өнімі 5-7 триллион теңгеге артық болуы керек еді», – деді Құдайбергенов.

Оның сөзінше жыл басында немесе екінші тоқсанда қаржыландырылатын жобалар бюрократиялық іс-шараларға байланысты үшінші-төртінші тоқсанда ғана қаржыландырыла бастайды. Экономист жұмыстардың қарқынын арттыру үшін мемлекеттік органдар құзіретінінің өскенін жөн көреді.

arasha.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.