17-02-21 |
1450 рет қаралған
Елімізде азық-түлік бағасы шарықтап кетті.
Елімізде азық-түлік бағасы шарықтап кетті

Ұлттық банк 2021 жылғы қаңтарға арналған инфляциялық тенденцияларға шолу жариялады.

2021 жылғы қаңтарда инфляция 0,6 пайызды құрады, жылдық ставка сәл төмендеді. Өткен жылдың желтоқсанында 7,5 пайызды көрсетке биыл бұл көрсеткіш 7,4-ке дейін азайған деп жазды Stan.kz.

«Инфляцияға негізгі әсер етуші фактор – азық-түлік тауарларына бағаның өсуі. Қаңтарда 11,4 пайызға дейін сәл жеделдеу байқалды. Күнбағыс майы – 38,6 пайызға, қант – 34,9 пайызға қымбаттады. Жұмыртқа – 27 пайызға, көкөністердің бағасы 16 пайызға артты», – деді Ұлттық банк.
Ұлттық Банк өсімдік майы бағасының өсу себептерін бөлек түсіндірді. Олардың сөзінше, әлемдік нарықтағы бағаның өсуінің әлі де жалғасуы мүмкін.
«Ішкі нарықта күнбағыс майының өндірісі өткен жылмен салыстырғанда 2020 жылы іс жүзінде өзгеріссіз қалды, бірақ импорт көлемі азайып, экспорт көлемі өсті. Соңғы айларда отандық ауылшаруашылық тауар өндірушілері бағаның өсуін байқады. Майлы дақылдар, көкөністер мен картоптың құны артқан», – деп түсіндірді Ұлттық банк.
Азық-түлікке жатпайтын жылдық инфляцияға келетін болсақ, ол қаңтарда 5,3 пайызға дейін баяулады. Тауарлардың көпшілігі орташа тұрақты өсу қарқынын көрсетті. Дәрі-дәрмектер мен жеке тауарларға бағаның өсуі баяулады. Құрылыс материалдарының қымбаттауы байқалды.
Ақылы қызметтер бағасының жылдық өсімі де 4,1 пайызға дейін бәсеңдеді. Мамандар реттелетін коммуналдық қызметтерге тарифтердің өсу қарқынының 2020 жылғы желтоқсандағы 1,6-дан қаңтарда электр энергиясының бағасының төмендеуі салдарынан 1,2 пайызға дейін төмендеуін атап өтті.
Өткен жылы сұраныстың төмендеуі мен базаның жоғары болуына байланысты көлік қызметі бағасының өсуінің баяулауы жалғасты. Автомобиль көлігі қызметтерінің үлесі төмендеді, ал әуе көлігі қызметтерінің дефляциялық динамикасы сақталды. Қызмет инфляциясына бағаның өсуі ықпал етті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.