Пойызға, ұшақта интернет арқылы билет алу, коммуналдық төлемді терминалдарға төлеу, ірі дүкендер желісінен керекті затыңызды үйде отырып сатып алу, тіпті шетелдік интернет дүкендерде электронды сауда жасау бүгінгі ешкімге таңсық емес. Қалыпты дүниеге айналды. Ақпараттық-технологиялардың бүкіл әлемді өзгертіп жатқаны бізді де айналып өтпей, тіршілігімізге терең енді. Соның айғағындай, еліміздегі электронды коммерция кейінгі жылдар бедерінде қарқынды дами келеді. Электронды коммерцияның негізгі жүйелері қазіргі кезде корпоративті электронды сауда алаңдары, жекек интернет-дүкендері, төлем жүйелері, интернет-банкингтар. Тіпті электронды сауда нарығында жұмысы өрге басқан компаниялар да бар. Мәселен, «Казкоммерцбанк», «Қазақтелеком», «Қазақстан Темiр Жолы», «Air Astana» сынды компаниялардың электронды сауда жүргізуде алдыңға орында. Сонымен қатара, электронды сауда нарығындағы қаражат айналымы да өсіп, 250 миллион АҚШ долларынан 5 миллиард АҚШ долларына дейін жеткен. Осының өзі электронды сауда нарығының жылдам дамып, кең таралып келе жатқанын көрсетеді. Және бүгінгі күні интернет дүкендердің саны да 100-ден асады. Ал интернет дүкендерде жасалатын электронды саудадағы негізгі тауарларға компьютерлер мен техника, кітаптар, баспа өнімдері, автомобильдер, мотоциклдар, бөлшектер, киімдер, аяқкиімдер, тұрғын үй техникасы, электроника, ойыншықтар, балалар тауарлары жатады екен. Бұған авиа және теміржол билеттерінің де электронды саудалануын қосуға болады.
Электорнды сауда нарығы өзімен бірге логистиканы да қоса дамытады. Мәселен, интернет дүкендерден алынған затты жөнелту, тасымалдау, жеткізу қызметтері де электронды сауданың ажырамас бөлігі. Яғни, электронды сауда нарығы уақыт өткен сайын қарқынып, экономиканың негізгі қозғаушы күшіне айналуы ғажап емес.