Қазақстанда 1,2 млн микро- және шағын кәсіпкерлік субъектілері кіріс салығынан босатылды. Мұндай қадам кәсіпті дамыту үшін үш жылға 380 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік береді. Мұндай заң жобасына ел президенті 2019 жылдың соңында қол қойған. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
«Қазақсатан Республикасы заңында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық рәсімдерін, бюджет, салық заңнамасын және темір жол көлігі туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірқатар отандық салық төлеушілер салық төлеуден 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін босатылды. Бұл шағын және Микробизнес өкілдеріне салық жүктемесін жеңілдету үшін жасалады», – деп түсіндіреді министірлік.
Заңға сәйкес микро бизнес – бұл 15 адамға дейін жұмысшысы бар және жылдық табысы 30 мың АЕК (79 млн теңге) болатын жекелеген кәсіпкерлер. Ал шағын бизнес – бұл 100 адамға дейін жұмысшысы бар, жылдық табысы 300 мың АЕК (795 млн теңге) болатын жекелеген кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар. Табыс салығы заңды тұлғалар үшін корпоративтік табыс салығы, жеке кәсіпкерлер үшін жеке табыс салығы, шаруа немесе фермер қожалықтары үшін бірыңғай жер салығы, оңайлатылған декларация негізінде АСР қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін әлеуметтік салық болып табылады.
«Басқа салықтар мен төлемдер міндеттер туындауына қарай төленеді. Бұл ретте салық төлеуден босату арнаулы салық режимдерін қолданатын шағын және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылады», – деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігі.
Содай-ақ ведомствода салықтан босатылмайтындар туралы да айтып өтті. Оларға: есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы, Акцизделетін өнімдерді өндіру және (немесе) көтерме сату; астық қабылдау пункттерінде астықты сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер; лотереялар өткізу; ойын бизнесі саласында; радиоактивті материалдар айналымына байланысты қызметті; банк қызметін (не банк операцияларының жекелеген түрлерін) және сақтандыру нарығындағы қызметті (сақтандыру агентінің қызметінен басқа); аудиторлық қызметті; бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті; кредиттік бюролардың қызметін;; қызмет; азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына байланысты қызмет; жер қойнауын пайдалану саласындағы қызмет, оның ішінде қараушылардың қызметі; пайдалы қазбаларды өткізу, оның ішінде трейдерлердің қызметі; көмір, мұнай өткізу, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін бензинді, дизель отыны мен мазутты бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызмет; Сыртқы экономикалық қызмет жатады.
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
23.12.2024