Қазақстандық меморгандар ең көп сатып алатын көлік – «Lada», деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«ҚазАвтоПром» мәліметінше, мемлекеттік мекемелер жыл басынан бері бірде-бір шетелдік көлік сатып алмаған.
Ал негізінде, жыл көлемінде 9,6 млрд теңгеге 1 537 автокөлік сатып алынды.
«Мемлекеттік сатып алу тарихында алғаш рет, 2019 жылдың қаңтар-сәуір айларында сатып алынған қызметтік техниканың барлығы қазақстандық автокөліктерді болды», – делінген таратылған хабарламада.
Ең көп сатып алынған отандық көліктердің көшін жол талғамайтын Лада 4×4 бастады. 487 көлік санымен 31,7% үлеске ие.
Бұдан кейін Skoda Octavia (160 бірлік; 10,4%),
CHEVROLET Aveo (99 бірлік; 6,4% ),
UAZ Hunter (97 бірлік; 6,3%),
Hyundai Elantra (77 бірлік; 5%),
УАЗ 396295 (71 бірлік, 4,6%),
Skoda Superb (57 бірлік; 3,7%),
Hyundai Tucson (47 бірлік; 3,1%),
УАЗ 220695 (41 бірлік; 2,7%)
УАЗ 390995 (34 бірлік; 2,2%).
Дереккөз:altaynews.kz