arasha.kz

Оңтүстік Қазақстан мен Өзбекстанмен арасындағы сауда айналымы жақсарып келеді

11-мамырда Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы – Шымкент қаласында «Оңтүстік Қазақстан-Өзбекстан» тоқыма өнеркәсібі өнімдерінің көрмесі басталды. Көрмеге тоқыма, киім және теріден жасалған өнімдер, фармацевтика, жиһаз, сувенирлер, спорттық тауарлар мен ойыншықтар өндіретін оңтүстікқазақстандық және өзбекстандық 60-қа жуық кәсіпорындар қатысуда.

Бауырлас халық арасында ұйымдастырылған көрме жұмысымен облыс әкімі Ж.Түймебаев танысып, екі елдің өзара ынтымақтастық қарым-қатынасының және сауда – экономикалық байланысының бұдан әрі дами түсетініне сенім білдірді.

Екі күнге жалғасатын шара – Оңтүстік Қазақстан облысы мен Өзбекстан арасындағы өзара ынтымақтастық пен бауырластық қатынастарды орнатуға бағытталған тағы бір қадам. Қазіргі таңда екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынас артып отыр. Мәселен,  өткен жылдың қорытындысы бойынша Өзбекстанмен сыртқы сауда айналымының көлемі 2,0 млрд. АҚШ долларына жетсе, оның 30 пайызы Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі. Яғни,  2017 жылдың қорытындысы бойынша Өзбекстанмен сыртқы тауар айналым 16,8 пайызға артып, 622,6 млн. АҚШ долларын құрады. Оның ішінде сәйкесінше экспорт – 252,8 млн. АҚШ долларын (өткен жылға қарағанда өсім – 29,7%), импорт – 369,8,8 млн. АҚШ долларын (өткен жылға қарағанда өсім – 9,4%) құрады.

Бұдан бөлек, осы күндер ішінде Өзбекстанның Қазақстандағы күндері аясында жоспарланған іс-шаралар шеңберінде кәсіпкерлер мен, инвесторлардың қатысуымен «Аймақтық ынтымақтастық және интеграция: өткізу нарығын кеңейту арқылы екі елдің кәсіпкерлерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» атты ғылыми-тәжірибелік дөңгелек үстел ұйымдастырылады.

Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысындағы мыңнан астам кәсіпорындар мен мекемелер сауда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс және құрылыс материалдары, медицина және білім саласында Өзбекстан кәсіпкерлерімен табысты ынтымақтастық ортантқан.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстанда 2 ірі кілем фабрикасы мен дайын өнім шығарудан шикі мақта өсіруден матаға дейінгі жабық циклін жүзеге асыратын «Азала текстиль» фабрикасы жұмыс істейді. Сонымен қатар, облыста шұлық шығаратын және дайын тоқыма бұйымдары мен арнайы киім тігетін фабрикалар жұмыс істейді.

Exit mobile version