05-06-18 |
2680 рет қаралған
Онлайн саудадағы үлесіміз – 1 пайыз.
Онлайн саудадағы үлесіміз – 1 пайыз

Әлемде онлайн сауда қарқынды күш алып келе жатыр. Онлайн сауда-саттық Ресейде – 1,6 %, Германияда – 8%, Ұлыбританияда – 10%, АҚШ-та – 6,5 % болса, қазақстанда 1 пайызға жетті. Еліміздегі электронды сауда нарығының айналымы 2015 жылы 800 млн долларға, 2016 жылдың миллиардтан асты. Соңғы екі жылда бұл одан әрі өсу үстінде.

Дегенмен, онлайн сауда мәселесінде логистика проблемасы бар. Мәселен, елімізде 10 млн адам интернетті пайдаланады. Ал онлайн сауданың ең көп тұтынушылары Алматыда. Жалпы онлайн сауда тұтынушыларының 55 пайызы осы қалады. Астанада  – 17%, Қарағандыда – 11%.

Ғаламтор арқылы тапсырыс берудің  уақытыңызды үнемдеп, бір екі батырманың көмегімен таңдаған затыңызды үйіңізге жеткізіп беретін артықшылығы болғанымен, онлайн сауда жасау кезінде сапасыз тауарға тап болу, қолыңызға өзіңіз таңдаған өлшем мен сипаттамадан бөлек зат алу не алаяқтарға алданып қалу сияқты факторлер де жиі орын алады. Мәселен, кейде арзан аяқ киім дүкені танымал брэндтердің суретін салып, оны өте арзан бағада ұсынады. Мұндайда аталған брэндтің ресми сайтына кіріп, ондағы жеңілдік маусымын, шынайы бағасын салыстырып қарау қажет. Кез-келген сапалы тауарға өте төмен бағалар қойылған кезде, күмәнмен қарап, мұқият тексеру керек. Көрген суретіңізге көзсіз сеніп, тауарды алып қойдыңыз делік. Мұндайда бұрын 14 күн, заңдағы жаңа өзгерістер бойынша қазір 30 күн ішінде сізге сәйкес келмеген тауарды дүкенге қайтарып, ақшасын кері ала аласыз. Бұл үшін барлық ақша аударымдарын растайтын есепшот қағаздары түгел болуы керектігін айтудың қажеттілігі жоқ шығар. Көбіне Ішкі істер департаментіне онлайн дүкендерген алданып қалып, шағым түсірген азаматтарды тұтынушы құқығы қорғау орталықтарына жолдайды. Өкінішке орай, бізде Қазақстанда тіркелген барлық кәсіпкерлік субъектілерінің базасына қолжетімділік жоқ, мүмкіндіктеріміз шектеулі болғандықтан, оларды бұлтартпай ұстап беруге көмектесе алмаймыз. Ресейдің Ішкі істер министрлігінде   ғаламторға қатысты осындай сауалдармен айналысатын  кибернетика комитеті бар. Бізге де күн санап қарқын алып келе жатқан онлайн сауда нарығын реттеу жұмыстарын жолға қою керек.

            Болашақ – цифрлық технологиялардың еншісінде. Электронды қызметтердің күн өткен сайын қолжетімді, оңтайлы, жеңіл әрі сапалы бола түсуі бұл нарық қолданушыларының қатарын толықтыра түсетінін сөзсіз.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.