Өзбекстан экономикасының Қазақстанға қарағанда көш ілгері екені рас па? Елімізде жалпы ішкі өнім көрсеткіші неге төмен? Сарапшылар көрші мемлекет көрсеткіштерінің он жылдағы даму қарқынын салыстырды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Жуырда ZTB желісі Украина.ру ақпарат көзіне сілтеме жасап, танымал қазақстандық экономист Айдархан Құсайыновтың сұқбатын ұсынды. Онда Өзбекстан мемлекеті экономикалық дамуы жағынан Қазақстанды басып озды деген пікір келтірілген.
«Соңғы 12 жылда Өзбекстан экономикасының даму қарқыны Қазақстанға қарағанда жоғары. Ұзақ мерзімді тенденциялар тұрғысынан алғанда, Өзбекстан Қазақстанның алдында тұр»,- дейді экономист Айдархан Құсайынов.
Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, 2009 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Өзбекстан жалпы ішкі өнімнің өсімі, өнеркәсіптің дамуы мен өңдеу өнеркәсіп саласы бойынша Қазақстаннан алда келеді.
Дүниежүзілік банктің деректеріне сүйенсек, 2019 жылы пандемияға дейінгі нәтижелер бойынша Қазақстан мен Өзбекстанның ЖІӨ өсімі сәйкесінше 4,5% және 5,56% құрады.
Өткен жылы Қазақстанда ЖІӨ 2,6 пайызға төмен болды. Ал бұл кезде Өзбекстан мемлекетіндегі көрсеткіш – 0,7пайыз.
Сонымен қатар, Құсайынов өз сұхбатында Қазақстан экономикасының құрылымына сапалы өзгерістер қажеттілігі туралы айтады.
Ұзақ мерзімді тенденцияларға назар аудару қажеттігі, индустриялық даму және өңдеу өнеркәсібіне назар аудару ұсынылады.