03-01-19 |
2850 рет қаралған
Путин Қазақстанға жөнелтілетін Украина тауарларының транзитіне қойылған шектеуді кеңейтті.
Путин Қазақстанға жөнелтілетін Украина тауарларының транзитіне қойылған шектеуді кеңейтті

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин 2016 жылғы 1 қаңтардағы «Ресей Федерациясының аумағы арқылы Украинадан Қазақстан Республикасына немесе Қырғыз Республикасына тауарлар транзиті кезінде Ресейдің экономикалық қауіпсіздігі мен ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» қаулысына өзгерістер енгізді. Осы шектеулер 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін алты айға ұзартылғандығын Ресей үкіметі құқықтық ақпарат порталы хабарлайды.

Жарлық 2018 жылдың 31 желтоқсанында күшіне енді. Осы жарлық бойынша Украинадан Қазақстанға автомобиль немесе теміржол көлігімен Ресей арқылы халықаралық тасымалдауды тек Беларусь аумағынан ғана жүзеге асыруға болады. Транзиттік жүк үшін пайдаланылатын жүк бөлімдері мен темiр жол контейнерлерi мөрленіп, ГЛОНАСС навигациялық спутниктiк жүйесi арқылы қадағалануы тиiс.

Украина 2016 жылдың қыркүйек айында осы шектеулерге қатысты  Дүние жүзілік сауда ұйымының Ресеймен кеңесуін сұрады. Өз шағымында Украина 2016 жылдың бірінші жартысында Ресейдің Қазақстанға экспорттау көлемін 45,5% дейін қысқарту шарасы салдарынан Орта Азия және Кавказ нарықтарына Украина тауарларының экспорты көлемі 35,1% кеміді деп бағалады дейді uawire.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.