Қазақстанның алтын валюта қоры азайған. Бұл туралы ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев үкімет отырысында айтқан деп жазады ҚазТАГ.
«Биыл 1 желтоқсанда ұлттық банктің алтын валюта қоры шамамен $28,7 миллиард болды. Қараша айында алтын валюта қоры 2,9 пайызға немесе $842 миллионға азайды» депті Досаев.