arasha.kz

«Әбжылан эффектісі»: Тоқаевтың бағдарламасы – Пірматовтың «бас ауруы»

Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов тұрғын үй саласындағы бағаның өсуіне әсер ететін «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасын одан әрі қаржыландырылатын айтты. Ұлттық банк 2021 жылдан бері 7 мемлекеттік бағдарламаның 5-ін қаржыландыруды тоқтатқан. Қалған екеуі: «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы және «қарапайым заттар» бағдарламасы (соңғысы өз алдына бөлек жыр).

Қызығы осы «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы. Ұлттық банк бұл бағдарламаны қаржыландыруды біресе тоқтататмыз, бірлесе жалғастырамыз деп әбден басы қатты. Басы қататыны: президент Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасына сәйкес, «7-20-25» бағдаарламасын жалғастыру керек. Жалғастырмаймын десе, Пірматовқа да жан керек, қызмет керек. Ал Тоқаевтың экономикадағы  мемлекеттің үлесі қандай болып жатқанымен шаруасы жоқ. Айтты, президент әкімшілігіне тапсырды. Болды. Кейін есеп тыңдалады.

Ұлттық банк неге мұндай тұрғын үй бағдарламасынан шығу керек дейтін сауал туады. «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасын қаржыландыру тоқтамаса, тұрғын үй нарығындағы баға шарықтай береді. Себебі, ұлттық банк тұрғын үй нарығына кіріп, шықпай отыр. Мұндай бағдарламалар тұрғын үй бағасын нарықтың реттеуіне жол бермейді. Бағдарламаға қатысушылар көбейіп, сұраныс артқан сайын құрылыс компанияларының жұмысы жүріп, сұранысқа сай үй бағасы да өсе береді. Яғни, «Отбасы банк», «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы тұрғын нарығының мәселесін шешіп отырған жоқ, керісінше күрделендіріп отыр.

Екінші мәселе, «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы – құрылыс компанияларын қолдау. Бұл бағдарламаның ерекшелігі – жаңа үй алу. Яғни бағдарлама тек жаңа салынған үйден пәтер алушы азаматтарға несие береді. Демек бағдарламаның түпкі мақсаты – халық емес, құрылыс компанияларын қолдау болып шығады.

Президенттің экономика жөніндегі кеңесшілері сайлауалды бағдарлама жазғанда тұрғын үй мәселесін қалай шешудің жолдарын таппаған. Сондықтан бар бағдарламаны – «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасын 2029 жылға дейін созған. Енді ұлттық банк қаласа да қаламаса да бағдарламаны 2029 дейін жалғастырады. Ал бұл өз кезегінде тұрғын үй нарығынан мемлекет кетпейді деген сөз, нарықтан мемлекет – ұлттық банк кетпесе, үй бағасы арзандамайды, шынайы сұранысқа сай нарық бәсекесі болмайды.

Ұлттық банк президенттің сайлауалды бағдарламасын орындаймыз деп осылайша, тұрғын үй нарығындағы мәселені қолдан күрделендіріп отыр. Ал Пірматов тұрғын нарығынан мемлекеттіктің қатысуын болдырмау жөніндегі шараларды Тоқаевқа жеткізе алады деу жалған болады. Сондықтан да бір бағдарламаның өзі тұрғын үй нарығына күрделене беретін проблема әкеліп отыр.

Бұл бағдарламаны жалғаспаса, құрылыс компаниялары жұмысын тоқтатады. Себебі олар осындай мемлекеттік бағдарламалардың қаржыландырылуы арқасында отыр. Құрылыс компаниялары жұмысын тоқтатса, еңбек нарығында жұмыссыздар күрт көбейеді. Ол әлеуметтік күрделі проблемаларға алып келеді. Ал ол қарсылықтарға әкеледі. Яғни, мұндай бағдарламаларды тоқтатып тастаудың салдары ауыр болады. Проблеманы шешкен секілді эффект беретін бірақ шын мәнінде ештеңе шешпей, керісінше, тұрғын үй сатып алу, жалға алу құнының өсуіне алып келеді.

Сарапшылар мұндайды «әбжылан эффектісі» деп атайды. Яғни проблеманы шешудің механизмі дұрыс болмаса, ол проблема шешілгені былай тұрсын, ұлғая береді. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қаңтар айында тұрғын үй тағы да қымбаттаған. Пайызбен алғанда, жаңа үй 14%, ескі үй 18.7% қымбаттаған. Ал пайызбен емес, нақты орташа бағамен есептегенде бір жылда жаңа үй 20,1%, ескі үй 28,5% қымбаттаған.

Егер «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасын ұлттық банк қаржыландырып, тұрғын үй нарығын субсидиялай берсе, «Отбасы банк» тұрғын үй нарығында отыра берсе, онда үй бағасы шарықтай береді әрі баспананың қолжетімділігі азаяды. Өйткені қолдан жасалған осындай механимзмдер жасанды сұраныс туғызып, нарықтағы бағаны өсіреді. «әбжылан эффектісі» деген – осы.

«Әбжылан эффектісі» – Ағылшындар Үндістанды отарлап отырған кезде елде әбжылан көбейген. Жергілікті ағылшын билеушілері әбжыланды азайту үшін әр әбжыланның басына сыйақы жариялаған. Нәтижесінде әбжылан азайған. Алайда, жергілікті халық сыйақы үшін әбжыланды көбейту жолдарын тапқан. Сыйақы беру тоқтатылғанда әбжыландар бастапқыдан да көбейіп кеткен. Яғни, проблеманы шешудің механизмі дұрыс болмаса, ол проблеманы шешпейді, одан сайын күрделендіреді. Ұлттық банктің мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру арқылы тұрғын нарығы араласуын тоқтпауы да «әбжылан эффектісі» болып шығады.

Exit mobile version