arasha.kz

Үкімет халықтың kaspi gold арқылы ақша аударымын бақылауға алады

Қаржы министрлігі халықтың ақша аударымдарын бақылауға алады. Соның ішінде ел ішінде кең қолданысқа енген Каспий банктің kaspi gold карталары арқылы жасалатын аударымдарды да бақылап отырмақ. Бұл туралы LS жазады.

Министрлік мұндай бақылау салықтан жалтарған кәсіпкерлерді анықтауға мүмкіндік береді дейді.

«Егер сіз жақыныңызға көмектессеңіз немесе телефоныңызға ақша салсаңыз ол есептелмейді. Бәрі жеке-жеке қаралады. Мәселен, коммуналдық төлемдер төлеп, телефоныңызға ақша салсаңыз, бұған салық бар. Жеке аударымдардың да баратын, алатын адамы бар. Оны салық қызметті тексеріп отырады. Айталық адам жақындарына ақша жіберіп тұратын болса, оны үнемі жібермейді. Ал егер жеке тұлға басқа бір жеке тұлғаға үнемі ақша жіберіп тұрса, бұл салық қызметтерінің назарына түседі. Бұл барлық банктерге қатысты болады. Кім табыс тауып отырса, сол салық төлейді», – депті қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов.

Вице-министрдің ойынша, мұндай қадам сапасыз қызмет көрсетілсе немесе жарамсыз тауар сатса, халықтың өз құқығын қорғауға мүмкіндік беретін көрінеді.

 

 

Exit mobile version