arasha.kz

«Тинькофф банк» Қазақстанға қызығушылық танытты

Ресейлік жеке қаржы ұйымдарының бірі «Тинькофф банк» Қазақстан нарығына кіруі мүмкін, деп хабарлайды Arasha.kz. Бұл туралы Forbes Russia жазды.

Алпауыт компания басшыларының пікірінше, Қазақстан инвестиция тұрғысынан қарағанда ТМД-дағы ең қызықты ел.

«Қазақстан – кішкентай, бірақ инвестиция үшін қызық нарық. Біз қазақстанға қалай инвестициялық безгнеспен кіру жағын ойластырып жатырмыз», – деді миллиардер Олег Тиньков.

2020 жылғы жағдай бойынша, «Тинькофф банк» – активтерінің көлемі бойынша Ресейдегі 6-шы (589 млрд рубль) және өзіндік капиталы бойынша 14-ші (127 млрд).

Ал Олег Тиньков – Ресейдің бай адамдары ішінде 62-ші қатарда тұр, 2020 жылғы ақпар бойынша оның байлығы $1,6 млрд.

 

 

Exit mobile version