arasha.kz

Валюта айырбастаған адамның жеке деректері журналға жазылады

1 ақпаннан бастап валюта айырбастау орындарында ақша айырбастаған азаматтардың деректері жазылады. Бұл туралы ұлттық банктің қолма-қол ақша айналысы департаментінің басшысы Жомарт Қажымұқанов kapital.kz – ке берген блиц-сұхбатында айтқан.

Сонымен, ұлттық банк басқармасының валюта айырбастау саласына қатысты қаулысына сәйкес, егер 500 000 суммадан аспайтын валюта айырбастаған адамның аты-жөні және жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) реестрлер журналына жазылып, тіркеледі.

Ал 500 000 суммадан асатын ақша айырбастаған адамның құжаттағы деректері, жеке куәлігі, құжат түрі, құжаттың берілген уақыты, құжат нөмірі, құжаттың жарамды уақыты тіркеледі.

Сондай-ақ валюта айырбастау орындарының жұмыс уақытына да өзгеріс енеді. 

1 ақпаннан бастап валюта айырбастау орындары сағат 9:00 ден 20:00 ге дейін жұмыс істейді. Ал сауда орталықтарындағы валюта айырбастау орындары 22:00 ге дейін қызмет көрсетсе, әуежай, вокзалдардағы валюта айырбастау орындары тәулік бойы жұмыс істейді.

Былтыр осы валюта айырбастау орындарына қатысты жаңалық қоғамда қызу талқыға түскен еді.

Exit mobile version