3 қазанда ұлттық банк зейнетақы қорының 170 миллиард теңге қаражатын «Қазақстан темір жолының» облигацияларына 11,5% жылдық сыйақымен 15 жылға инвестиция ретінде салған. Бұл туралы экономист Тимур Әбілқасымов телеграм каналында жазды. Сөйтіп зейнетақы қорының 170 милларт теңгесі «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына кетті.
Бұған дейін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Қазақстан қор биржасына 300 миллиард теңге тарту мақсатында облигацияларын шығарған еді.
Ал ұлттық банк бұған дейін зейнетақы қорының қаражатын «ҚазАгро» холдингіне инвестициялаған еді. «ҚазАгро» болса, 2018 жылы 117,9 млрд теңге шығынға батқаны мәлім болған.