2021 жылдың қаңтар айында мемлекеттік бюджетке 490,4 миллиард теңге салық түсті. Мемлекеттік бюджетке түсетін салықтар бойынша жоспар өткен айда 104,9 процентке орындалған, бірақ 2020 жылмен салыстырғанда 30,5 млрд теңгеге төмен.
Қазақстанның қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің ақпаратынша, қаңтар айында мемлекеттік бюджетке салық түсімдері жоспары 104,9%-ке орындалды.
«Есепті кезеңде мемлекеттік бюджетке түскен салық түсімдері 490,4 миллиард теңгені құрады, 2020 жылмен салыстырғанда 5,8%-ке немесе 30,5 миллиард теңгеге төмен. Оның ішінде республикалық бюджет 14,6%-ке немесе 46,1 миллиард теңгеге төмендеді, жергілікті бюджет 7,6%-ке немесе 15,6 миллиард теңгеге өсті», – делінген хабарламада.
Кірістердің төмендеуіне әсер еткен факторлар:
- 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда мұнай бағасының 13,6%-ке төмендегені байқалады;
- үшінші елдермен тауар айналымы биыл қаңтарда 22,2%-ке төмендеді (экспорт 31,0%-ке төмендесе, импорт 1,2%-ке өсті);
- 2021 жылдың қаңтарында сату бойынша айналым 2020 жылмен салыстырғанда 13,8%-ке (6 415 миллиард теңгеден 5 529 миллиард теңгеге дейін) төмендеді;
- бір салық төлеушіге онлайн бақылау-касса машиналарының орташа түсімі 5,0%-ке (3,8 миллион теңгеден 3,6 миллион теңгеге дейін) төмендеді.
Өткен айда жергілікті бюджетке түсетін салық түсімдері жоспары 59,8 миллиард теңгеге артық орындалып, 221,5 миллиард теңгені құрады.