arasha.kz

Қазақстан екі банктен он жылға миллиондаған евро қарыз алады

Қазақстан 2021 жылдың бюджет тапшылығына байланысты екі банктен он және бес жылға қарыз алады. Билік Азия даму банкінен 908,59 млн евро, ал Азия инфраструктуралық инвестиция банкінен 661,8 миллион евро қарыз алуды жоспарлап отыр. 

«Президенттің жарлығына сәйкес, Қазақстан мен Азия даму банкі арасында 908,59 млн евро қарыз алу туралы келісім жасалды. Қарыз 2021 жылғы бюджет тапшылығын қаржыландыруға жұмсалады. Бұл қаржы үкіметтің пандемиямен күреске және экономиканы қалпына келтіруге кетеді», – деді қаржы министрі Ерлан Жамаубаев мәжілістің пленарлық отырысында.

Азия даму банкі қарызды екіге бөліп бергелі отыр. 454,29 млн. евро он жылға беріледі және үш жыл жеңілдік кезеңі. Қарыздың қалған бөлігі – 454,29 млн. евро бес жылға үш жыл жеңілдікпен берілмек.

Ал Азия инфраструктуралық инвестиция банкінен Қазақстан алатын қарыз көлемі 661,8 млн. евро. Бұл қаражатта бюджет тапшылығын қаржыландыруға жұмсалады. Бұл қаржыны Қазақстан он жылда жабуы керек. 

Жоғарыда аталған екі банктен алынаты қарыз туралы заң жобасын мәжіліс мақұлдады.

Үш жылға арналған бюджет жобасындағы бюджет тапшылығы 2021 жылы 2,6 трлн тенге немесе ЖІӨ 3,4% болады делініп отыр.

Exit mobile version