12-05-21 |
1200 рет қаралған
Қазақстанның бес облысы бюджет қаржысын игере алмаған.
Қазақстанның бес облысы бюджет қаржысын игере алмаған

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев үкімет отырысында биылғы төрт айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет шығысы 99,1%-ке игерілгенін мәлімдеді. Оның ішінде республикалық бюджет шығысы – 99,6%-ке, жергілікті бюджет шығысы 98,7%-ке атқарылған.

Министрдің айтуынша, игерілмеген соманың ең көбі Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында, Батыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облысында тіркеліп отыр

«Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бюджеттің барлық деңгейінде атқарылу көрсеткіші жоғары. Республикалық бюджет бойынша 4,8 триллион теңгеге шығыстар жүргізілді. Атқарылмау 20 миллиард теңгені құрады, оның ішінде 7 миллиард теңгесі үнемделген ақша. 13 миллиард теңге игерілмеген», – деді Жамаубаев.

Игерілмеген соманың ең көбі Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында, Батыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облысында тіркеліп отыр.

Осы жылдың қаңтар-сәуірінде мемлекеттік бюджетке 3 триллион 217 миллиард теңге кіріс түсті, нәтижесінде жоспар 117,1%-ке орындалды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.