28-01-19 |
4130 рет қаралған
Ресейдің кесірі Қазақстанға тиіп жатыр.
Ресейдің кесірі Қазақстанға тиіп жатыр

Қазақстан мен Еуропа елдерінің сауда қатынасындағы проблемалардың себебі Ресейге қарсы санкциялар болып отыр. «Астана» арнасына сілтеме жасаған nur.kz жазуынша, бұл туралы Қазақстандағы Германия елшісі Тило Клиннер мәлімдеген.

Германия елшісінің сөзінше, Ресейге қарсы санкцияларҚазақстан мен Еуропа елдері арасында сауда айналымын қиындатқан. Бірақ санкцияның инвестицияларға әсері жоқ.

«Қазақстан Еуразиялық Экономикалық Одақтың мүшесі. Сондықтан біздегі кеденде техникалық сұрақтар туындайды. Егер саған айталық ауылшаруашылық өнімдеріне Ресейдің контрсанкциялары қолданылса, онда Еуразиялық Экономикалық Одақ мүшелерінің территориясынан тауар өткізе алмайсың, десе де Германия инвестицияларына әсер етпейді» -деді Клиннер.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.