Еліміз кем дегенде төрт қазақстандық банкке $1 млрд жұмсайды. Бұл туралы arasha.kz ақпараттық порталы Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Активтер сапасын сараптаудан кейін банктерге қосымша капитал керек деген шешімге келген деп жазады агенттік билік жоспарларынан хабары бар дереккөздеріне сілтеме жасап.
Алайда нақты қандай кредиттік мекемелер туралы және қандай талаптармен көмек ала алатындығы белгісіз, себебі әлі бір шешімге келмеген.
Активтер сапасын сараптау (AQR — asset quality review) үстіміздегі жылдың тамызында басталған. Ол кезде елдегі ірі 14 банк — Халык-банк, Сбербанк, Kaspi, Forte, БЦК, АТФ, Еуразия, Jýsan Bank, Bank RBK, Альфа-Банк, Altyn Bank, Нұрбанк, Хоум Кредит және ВТБ банктері кірген. Ашықтық пен объективтілікті бағалау үшін Ұлттық банк Oliver Wyman консалтингтік компаниясы арқылы халықаралық кеңесшілерді жалдаған.
Тексеру үстіміздегі айдың соңына дейін аяқталады. Жағдаймен таныс банкирлердің айтуынша қайырсыз кредиттерді жабу үшін кем дегенде төрт банкке қосымша капитал керек.
Reuters дереккөздерінің бірінің хабарлауынша жаңа көмек пакеті 1 трлн теңге ($2,6 млрд) құрайтын көрінеді. Басқа дереккөз бұл бағдарлама бұған дейінгі 410 млрд теңге ($1,1 миллиард) жұмсалған бағдарламадан қымбатырақ болатынын айтып отыр екен және төрт банкке көмек көрсетіледі.
Мемлекет билігі соңғы үш жылда $13 млрд-тан артық ақша жұмсап, бірақ тұрғын үй бағасының түсуі мен теңгенің құлдырауынан кейін нашар кредиттен зардап шегетін банк жүйесін қалпына келтіре алмады деп жазады халықаралық агенттік.
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024