Табысына қарамастан барлық көп балалы отбасыларға 42 500 теңгеден 73 370 теңге дейін төлеуді Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов үкімет отырысында ұсынды.
Министрдің сөзінше Қазақстанда балалардың 60 пайызы көп балалы отбасынан. Сондықтан мұндай отбасыларды табысына қарамастан атаулы әлеуметтік көмек берген дұрыс деп айтты.
«Бұл көп балалы аналардың беделін арттырады, материалды жағдайын жақсатртады», – деп министр мұндай көмектің артықшылығын айтты.
Біржан Нұрымбетов жәрдемақы дифференцияланған болады дейді. Төрт баласы барлар айына 42 500 теңге алса, бала саныңың артқанына қарай жәрдемақы да арта береді. Ал максималды төлемақы мөлдшері 73 370 теңге болады деп отыр министр.