Былтыр Ұлттық қордан алынған қаражат түскен кірістен асып кеткен. Мұны республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова Парламенттің бірлескен отырысында жеткізді.
«2015 жылдан бері Ұлттық қорды белсенді пайдаланып келеміз. 2019-2020 жыл туралы айтып отырған жоқпыз. Шынымен де пандемиямен байланысты дағдарысқа қарсы шараларға қаржы қажет болды. Бірақ 2021 жылы жалпы ахуал айтарлықтай жақсарды», – деп мәлімдеді комитет басшысы.
«Мемлекет басшысының республикалық бюджет Ұлттық қордың қаражатына арқа сүйемеуі керектігі туралы тапсырмасына қарамастан, 2021 жылы 4,5 трлн теңге жұмсалды. Ал бұл кезеңде Ұлттық қорға 4,3 трлн теңге ғана кіріс түскен», – деді Наталья Годунова.