arasha.kz

Қытай – АҚШ сауда кикілжіңіндегі Қазақстанның мүмкіндігі

фото - Alex Brandon/AP

фото - Alex Brandon/AP

Қытай Қазақстаннан рапс ұнын импорттауды мақұлдады, деп хабарлайды 10 желтоқсанда Қытай кеден қызметіне сілтеме жасай отырып Reuters агенттігі.

Сауда кикілжіңіне байланысты, Пекин қазір осы өнімнің екінші ірі жеткізушісі Құрама Штаттардан соя бұршақтарына деген тәуелділігін төмендету үшін күш салуда.

Shanghai JC Intelligence Co Ltd., компаниясының талдаушысы Лу Юннің (Lu Yun) айтуынша, Қазақстаннан жеткізілетін өнім көлемі мардымсыз болғандықтан қытай нарығына айтарлықтай әсер ете қоймайды. Сондай-ақ, Қытай Үндістаннан да рапс ұнын импорттайтын болады.

«Нова-тех» компаниясының айтуынша, бүгінгі күні  рапс ең маңызды жемдік дақылдардың бірі саналады. Рапстың заманауи сорттарының ішінде  солтүстік аймақтарда жақсы өсетіндері де бар. Рапстан жаһандық өндіріс көлемі бойынша пальма мен соядандан кейінгі орын алатын рапс майы жасалады. Майы алынған рапс күнжарасы қосымша өнім ретінде қалады да, содан кейін ол ұнға айналдырылады.

Рапс күнжарасынан жасалған ұн көптеген сиыр тәрізді күйіс қайыратын жануарларға азық ретінде беріледі, сонымен қатар, үй құстарына немесе шошқаға берілуі мүмкін. Өйткені, ол жануарлар үшін қажетті ақуыздарға бай, әрі арзан жем-шөп көзі. Синтетикалық жемдер мен қоспалардан айырмашылығы, рапс дәндерінің ұнының құрамы ақуыз, витаминдер мен минералдарға қанық, сондай-ақ, ол таза табиғи және қауіпсіз өнім.

Зерттеулер көрсеткендей, сүтті ірі қара малды рапс күнжарасынан жасалған ұнмен азықтандырса, алынатын сүт өнімдерінің қасиеттеріне оң әсер етіп қана қоймайды, оның құрамында ақуыз мөлшері мен сүт қалдықтары да артады. Бұдан бөлек, лактация кезінде сиырдың өнімділігі тұрақты болып қалғаны байқалған.

Exit mobile version