«Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы жоғарғы қайта бөлетін вольфрам өнімдерін өндіру жөніндегі жобаны іске асыру үшін стратегиялық инвестор тартқанын хабарлды. Инвестор – Қытайдың Xiamen TungstenCo., Ltd. компаниясы екен. «Тау-Кен Самұрық» компаниясының ресми сайтында жарияланған хабарламада: «Ивестор – Xiamen TungstenCo., Ltd. – вольфрамнан, молибденнен және жерде сирек кездесетін металдардан өнім өндіретін әлемнің ең үздік өндірушілерінің бірі, вольфрам кен орындарын игеруде үлкен тәжірибесі бар.
«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ мен XiamenTungsten арасында жасалған келісімнің шарттарына сәйкес Жоғары Қайрақты және Солтүстік Қатпар кен орындарында (Қарағанды облысы) вольфрамды өндіру және байытумен қазақстан-қытай бірлексен кәсіпорны айналысады.
Солтүстік Қатпар және Жоғары Қайрақты кен орындарының базасында екі тау-кен байыту комбинаты (кәсіпорынның өндірістік қуаты тиісінше 2,6 және 6,0 млн тонна руданы құрайды) және терең қайта өңдейтін бірыңғай металлургиялық кешен салынады.
Өндірістік объектілер құрылысынң құны – шамамен 755миллион доллар. Операциялық қызметтің басталуы 2023 (Солтүстік Қатпар) және 2025 (Жоғары Қайрақты) жылдарға жоспарланған. Дайын өнім – паравольфрамат аммония, ал клешекте –вольфрам ұнтақтары мен вольфрам карбидтері. Сондай-ақ, молибден, висмут және мыс концентратын өндіру жоспарланып отыр» делінген.
Бұл жоба бюджетке шамамен 1 млрд. доллар салық түсіріп, 2,5 мың жұмыс орнын ашатын көрінеді.
Компания мәліметіне қарағанда, Қытай компаниясымен бірлесіп өндірмекші болып отырған қазба байлық Қарағанды облысының Шет ауданында бір-бірінен 30 шақырымдық жерде орналасқан Жоғары Қайрақты және Солтүстік Қатпар кен орындары.
Вольфрам қоры өткен жүз жылдықтың 70-ші жылдары ішінара барланған, бірақ, өнеркәсіптік қазу жұмыстары осы күнге дейін басталмаған. Негізгі себеп – Қазақстанда руданың ерекшеліктеріне сәйкес келетін байыту технологиялары жоқ.