06-05-18 |
5120 рет қаралған
Жаңа, таза энергия әлемі.
Жаңа, таза энергия әлемі

2040 жылға қарай электроэнергияға деген әлемдік сұраныс 70%-ға артады деп күтілуде. Сонымен бірге дамыған елдердің таза энергияны көптеп пайдалана бастағанына қарап, тиімділігі мол екенін көруге болады, ал, экономикасы жаңартылмайтын, табиғи ресурстарды өндіруге негізделген дамушы елдердің табысы қысқара түсуде. Дамыған елдердің басым көпшілігінде  баламалы энергетикаға қатысты бағдарламалар жасалып жатыр және жүзеге асырылуда.

Жаңартылатын энергия көздерінің  (ЖЭК) артықшылығы – таусылмайтындығы мен экологиялық тазалығы –  жасыл энергетиканы серпінді дамытуға негіз болып отыр. Компьютерлік симуляция жасаған  халықаралық ғалымдар тобы 2050 жылға қарай жаңартылатын энергия көздеріне толық көшу мүмкін ғана емес, электр қуаты іркілістерінің қаупі жоқ және энергия бірлігінің құны төмендеуіне мүмкіндік береді деген қорытындыға келді.  Күн батареясынан алынатын бір ватт электр қуат  1977 жылы $76-ден көп еді, 2015 жылы ол $0,3-ке дейін түсті, осылайша соңғы  5 жылда күн панелінің бағасы  80%-ға арзандады.

Халықаралық Энергетикалық Агенттік 2040 жылға қарай электр энергиясының  60%  жаңартылатын көздерден, оның ішінде күн мен желден алынады деп болжайды. Әлемдік  энерготепетеңдік құрылымының өзгеруі мұнайгаз секторындағы бірқатар компанияны баламалы энергетикаға инвестиция құюға, сондай-ақ корпоративтік венчурлық қорлар құруға жетеледі.

Жасыл қаржыландыру — бұл тұрақты экологиялық дамудың кең аясында экологиялық артықшылықты қамтамасыз ететін инвестициялар. Оған қоршаған ортаны қорғайтын, табиғи ресурстарды сақтайтын және климат өзгеруінің алдын-алуға немесе оның өзгеруіне бейімделуге көмектесетін борышкерлік пен акционерлік те, капитал да кіретін инвестицияның барлық түрлері жатады. Жасыл қаржыландыруға деген облигациялар  аса үлкен сұранысқа ие,  тұрақты түрде өсіп отырған, әлеуметтік жауапкершілігі күшті инвесторлар тарапынан жасалып жатыр. Бұл адамдар мен ұйымдар өздерінің қаржылық көрсеткіштерін инвестиция құю арқылы таңдап, элеуметтік және экологиялық факторларды біріктіре отырып  өсіруге талпынып жатыр.  Мұндай инвесторлардың басым бөлігі Еуропа мен АҚШ-та. Климаттық облигацияларға құйылар инвестициялардың ең кең тараған саласы көлік саласы болып отыр, Энергетика мен мультисекторлық инвестициялар екінші және үшінші орында келеді.

«Жасыл» энергетиканы дамытып отырған елдердің ерекше жарқын өкілдері энергияға деген жалпыұлттық сұраныстың  140% -ын ЖЭК-тің көмегімен жауып отырған  Дания  және ЖЭК-тің үлесіне орнатылған қуаттың  50% келетін (182 ГВт-тің 94) Германия болып табылады,  және бұл үлес тоқтаусыз өсіп келеді.  Кейде ЖЭК тіпті бұл елдердегі сұраныстың 100% -ын жауып тастай алады. Мұндай жағдайда жылу, атом  электростансалары резервтік функцияны атқарады, себебі  ЖЭК-генерация қанша айтқанмен тұрақты емес. Электроэнергияны жинақтаушылар ЖЭК-ті энергожүйелерге біріктірудің табысты жолы болуы мүмкін, олар ЖЭК-тің электр қуатын берудегі толқындық әсерін жұмсарта алады және жүктеу кестесін теңестіре алады. Электроэнергияны сақтауды McKinsey Global Institute ғаламдық экономиканы түбегейлі өзгерте алар 12 көбебұзар технологияның бірі деп атады.  BCC Research бағалауы бойынша, аккумуляторлық батареялардың барлық түрі нарығының жылдық орташа өсу қарқыны алдағы онжылдықта  18,7%-ды құрайды:  2014 жылғы  $637 млн-нан 2025 жылғы $3,96 млрд-қа дейін.

«Қазақстан 2050» стратегиясында  2050 жылға қарай баламалы және  «жасыл» энергетикалық технологиялар барлық тұтынылатын энергияның 50%  бере алатыны атап өтілді. Қазақстан өзіне БҰҰ-ның ғаламдық конвенцияларының ( Рио-де-Жанейро, 1992), Мыңжылдық саммитінің декларациясын (Нью-Йорк, 2000), және Бүкіләлемдік орнықты даму саммитінің (Йоханнесбург, 2002) ұстанымдарын біріктіру мен  бағдарламаларын жүзеге асыру жайлы міндеттемелерді мойнына алды.  2016 жылы тамызда Қазақстан Үкіметі Париж келісімне қол қойды.

Президент  Н.Ә. Назарбаевтың ұсынысымен 2013 жылы «Жасыл» экономикағы өту Тұжырымдамасы жасалды және қол қойылды. Тұжырымдамада экономиканың ТҮКШ, ауыл шаруашылығы, көлік, жаңғыртылар энрегетика секілді салаларын реформалауға бағытталған басымдыққа ие тапсырмалар тізімі берілді.

Тұжырымдамаға сәйкес ел энергобалансындағы баламалы энергия үлесін 2020 жылы кәзіргі 1%-дан 3%-ға, 2030 жылы  30%-ға, және 2050 жылы 50% -ға көтеру жоспарланған.

 2020жылы бұл деңгейге ЖЭК-тің жалпы қуаты 2 ГВт (22 жел электростанциясы – қуаты 957 МВт; 18 күн электростанциясы – қуаты 750 МВт, 13 гидроэлектростанциясы – қуаты 268 МВт) 53 нысанын  салу арқылы жету көзделген. 2012жылдан бастап  Қазақстандағы жалпы электр энергиясы өндірісіндегі ЖЭК  2 еседен астам өсті және 2017 жылы 1%  құрады. Жаңғыртылар энергия көздері  соңғы жылдары Қазақстанда энергетикалық кешеннің даму векторының бірі ретінде көрсетілуде. Сарапшылардың бағалауы бойынша Қазақстанның ЖЭК әлеуеті өте жоғары.

Мысалы, жел энергетикасының әлеуеті шамамен 920 млрд.кВтс, гидроәлеуеттің жүзеге асар техникалық мүмкіндігі  62 млрд. кВтс және күнгей облыстардағы күн энергиясы жылына 2500 — 3000 ашық сағатты құрайды.

 2018 жылдың 1 қаңтарына елімізде жалпы қуаты  336 МВт (ГЭС – 171; ВЭС – 107; СЭС – 58; биогаздық құрылғы – 0,35) ЖЭК қолданатын  55 кәсіпорын жұмыс істеді. 2017 жылы ЖЭК-тің жалпы қуаты  35,575 МВт (3 ГЭС – 30,875 МВт; 1 ВЭС – 4,5 МВт; 1 СЭС – 0,2 МВт) болатын 5 жобасы  Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласында іске қосылды.

БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 70-ші сесссиясындағы Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасын жүзеге асырудағы негізгі тақырыбы «Болашақ энергиясы» аталған ЭКСПО-2017 мұрасы ретінде  «жасыл» техннологияны дамытатын Халықаралық орталық құру жөнінде жұмыстар жүріп жатыр. Орталық тамаша тәжірибелер өңіріне айналады және  Орталық Азия елдерімен өзара тығыз әрекетті қамтамасыз етеді, ЭӘДҰ, ЕвроОдақ елдерімен. Құрама Штаттармен, ТМД, Қытай, Корея және  басқа да елдермен әріптестікті мүмкін етеді.

Тағы бір ірі жоба – Қазақстан бастамашы болған  және БҰҰ-ның Конференциясында барлық мемлекеттер қолдаған «Жасыл көпір» әріптестік Бағдарламасы болып табылады. Бағдарламаны алға жылжыту   мақсатында  «Жасыл көпірдің» халықаралық 5 ірі конференциясы өткізілді. Республикада «жасыл экономика» бойынша білім тарататын және «Жасыл технологиялардың Халықтық Академиясының» «жасыл» тәжірибелері мен технологияларын көбейтетін Орталық ашылды.  Академия негізінде  15-тен астам «жасыл» технология (күн коллекторлары, құдықтар, пиролиздік пештер, жарықдиодтық лампалар және басқалар), жаңа жобада жасалған екі жылыжай жақсы жұмыс істеп тұр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.