Қазіргі әлемде жаһандық проблемалар бар, оларды тек әлемдік деңгейде, ұлт аясынан кең ауқымда ғана шешу мүмкін. Бұл шақыртулар бүкіл адамзататдың бірлескен күш-жігерін талап етеді. Осы проблемалардың ішінде жаһандық жылынуды, ресурстарды кәдеге жаратуды, халықаралық сауда мен қауіпсіздікті, мемлекетаралық өзара әрекеттестікті айрықша атап өту керек.
2030 жылға дейін халықаралық қатынастардың негізгі факторы ірі дамушы елдердің ұлы держава мәртебесіне дейін көтерілуі болатындығына ықтималдылық жоғары. Бұл мерзім ішінде Қытай мен кейбір басқа да дамушы елдер әлемдік саясатты анықтайды, ал халықаралық билік бөлу көпполярлы болады.
Соңғы онжылдықта халықаралық сауданың өсу қарқыны айтарлықтай төмендеуіне байланысты экономикалық интеграция жаңа сипатқа ие болды – бағыт өңірлік интеграциялық құрылымдарды ірілендіру және әлемдегі көшбасшы экономикалардың белсенді қатысуымен мегаөңірлік сауда келісімдерін құру үдерісін ұсынады. Мега-серіктестікті құру және алға жылжыту әлемнің жетекші елдерінің экономикалық және саяси күн тәртібіндегі маңызды тармақ болды.
Қазіргі жағдайда мемлекеттің гүлденуі, жаһандық экономикадағы оның рөлі мен орны – мұның барлығы белгілі бір дәрежеде ұлттық мүдделерін қорғай отырып, интеграциялық бірлестіктерде тиімді жұмыс істеу қабілетіне байланысты болады. Бүгінде капиталдың ауыс-түйісі мен еркін сауда-саттықты кеңейтуде айтарлықтай прогресті атап көрсетуге болады. Алайда, нақты жаһанданудың көлемі, атап айтқанда, әр түрлі ұлттық және аймақтық нарықтардың бірыңғай әлемдік ағзасына нақты бірігуі әлі күнге дейін өте шамалы болып қалып отыр. Әлемде болып жатқан – бұл негізінен өңірлік интеграцияның көбіне-көп қарқынды процестері.
«Қазақстанның Үшінші жаңғыруы» Жолдауын жүзеге асыру аясында өңдеуші өнеркәсіп өнімдері экспортын арттыру тұрғысында Үкімет Ұлттық экспорт стратегиясын бекітті. Экспортты алға жылжыту үшін белгіленген «Казахэкспорт» ұлттық компаниясы, Экспорттық саясат кеңесі құрылды және 400 өндіруші-экспорттаушыларға 47,6 млрд. теңгеге қолдау көрсетілді (немесе әрбір төртінші экспорттаушы).
Қабылданған іс-шаралар және ынталандырулар нәтижесінде өткен жылы өңдеу өнімдері экспортының үлесі 32,5% -ға дейін өсті (2015 жылғы 11 айда 30,4% -дан), ал жеткізу географиясы әлемнің 115 елін қамтиды. Бұл 2025 жылға қарай шикізаттық емес экспортты екі есеге ұлғайту жөнінде қойылған міндетке сай келеді.
Көлік инфрақұрылымын дамыту ұлттық экономиканы жаһандық ортаға біріктірудің маңызды факторы болып табылады. Осы мақсатта «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда.
Жол құрылысы саласында 4 мың км астам республикалық маңызы бар автожолдар қайта құрылымдаумен қамтылған. Жыл қорытындысы бойынша 600 км-лік жол қозғалысы ашылды. Алашанькоудан Қазақстан арқылы Еуропаға, «Қорғас» құрғақ порты және елдің оңтүстігін Еуропамен байланыстыратын жаңа темір жол тармағы арқылы темір жол салу бойынша жобалар іске асырылды. Қазақстан ұзындығы 2700 км болатын «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автомобиль жолының құрылысын аяқтады. Транзиттік әлеуетті күшейту транс-қазақстандық бағыттардың тартымдылығын арттырады. Нәтижесінде, Ляньюньган порты арқылы қазақстандық-қытайлық жүктерді өңдеудің 1,2 есеге немесе 222 мың контейнерге өсуі байқалады.
Үлкен Еуразиялық серіктестік жобасы сондай-ақ сауда-экономикалық және қаржы-инвестициялық ынтымақтастықты тереңдетуді көздейді. Осы мақсатта Қазақстан «Астана» халықаралық қаржы орталығының әлеуетін тәуелсіз құқықтық жүйесі және жеңілдікті салық режимі бар аймақтық қаржы-инвестициялық хаб ретінде іске қосады. Болашақта «Астана» қаржы орталығы Қазақстанның қаржылық инфрақұрылымының негізі, содан кейін бүкіл Орталық Азия аймағының қаржы хабы ретінде саналады.
Бірақ қазір инвестициялар жеткіліксіз, сондай-ақ ішкі нарыққа бағдарланған инвестициялар да жеткіліксіз. Қазір Қазақстанда:
– 55 %-дан 78 %-дейін тікелей шетелдік инвестициялар – өндіруші салаларға;
– 19 %-дан 36%-дейін – нарыққа, қаржы, сақтандыру немесе бөлшек сауда сияқты секторларға;
– және тек – 2% -дан 17% -ға дейін – жоғары қосылған құны бар салаларға, атап айтқанда, металл өңдеу өнеркәсібіне. Бұл теңгерімді өзгерту үшін «Ұлттық инвестициялық стратегия» инвестициялар тарту бағдарламасы әзірленді, оның мақсаты қолайлы инвестициялық ахуал және тиімділікті арттыруға бағдарланған инвестициялар тарту болып табылады. Бағдарламада 2022 жылға қарай 50-ден астамы тартылады деп жоспарланған трансұлттық компанияларға ерекше көңіл аударылады.
Үкімет 2017 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қайтарымды негізде тұрғын үй құрылысын қаржыландырудың жаңа тетігін қолдану арқылы, тұрғын үйді пайдалануға беру қарқынын және көлемін арттырды, бұл өңірлерді қолдауды күшейтті. Бағдарламаны іске асырудың алғашқы жылы 100 мыңнан астам отбасы жаңа тұрғын үйге ие болды. Тұрғын үй құрылысында жекеменшік инвестициялардың үлесі (84,3%) басым – 1 теңге мемлекеттік қаражатқа 5,4 теңге жеке инвестициялар тартылды.
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024