arasha.kz

Зимбабве Қазақстанға цитрус жемістерін, кофе, шай және темекі өнімдерін экспорттамақ

Зимбабве Президенті Мнангагва Қазақстанға келеді, деп хабарлайды Зимбабве елінің басылымы Herald.

Ақпарат көзінің жазуынша, Зимбабве басшысының Ресей, Беларусь, Әзірбайжан және Қазақстанға сапары жоспарланып отыр. Президент Мнангагва келесі аптада Еуропаның төрт еліне сапар шегеді.

«Президент сыртқы әлемге елімізің оң имиджін қалыптастыру үшін көп күш жұмсауда, бұл біздің халықаралық қоғамдастықтың бір бөлігі болуға ұмтылуымызды көрсетеді», – делінген турдың қысқаша шолуында.

Президент Мнангагва Зимбабвені жаңа брендпен сатады және өзінің «бизнес үшін ашықтық» парадигмасына сырттан қолдау табады. Президент Батыс әлемімен және халықаралық қаржы институттарымен байланыстарды нығайтуға және қалпына келтіруге күш салуда.

Өзінің бай минералдық ресурстарын экономикасының игілігіне пайдалана білген Қазақ елінде Зимбабве мүмкіндіктер табуға тырысады.

Африкалық мемлекет цитрус жемістерін, кофе, шай және темекі өнімдерін Қазақстанға экспорттамақ, сосын өз кезегінде ауыл шаруашылығы техникасын, мұнай өнімдері, құрылыс материалдары және тоқыма бұйымдарын импорттайтын болады.

Зимбабве Сыртқы істер және халықаралық сауда министрлігінің мәліметінше, Астанаға жасайтын сапары барысында екі елдің ынтымақтастығы келесі бағыттар бойынша талқыланбақшы: өндіріс – тыңайтқыштар мен мұнай химиясы; білім беру және оқыту.

Қазақстан Зимбабвелік студенттер үшін медицина, машина жасау және ауыл шаруашылығы саласында стипендия ұсынуға ниетті.

arasha.kz

Exit mobile version