21-01-21 | 09:11
«Егемен Қазақстан» газетіне арналған қағаз құны – жарты миллиард теңге.
«Егемен Қазақстан» газетіне арналған қағаз құны – жарты миллиард теңге

Республикалық екі газетті шығаруға арналған қағаз бағасына мемлекеттік байқау жарияланды. «EGEMEN KAZAKSTAN» мен «ҚАЗАҚСТАНСКАЯ ПРАВДА» газеттеріне 800 миллион теңгеден астам ақша жұмсамақ. Бұл бір жылдық шығын.

Атап айтсақ, мемлекеттік сатып алу сайтында «EGEMEN KAZAKSTAN» газетінің қағазын 512 173 970 теңгеге сатып алу жоспарланған. Тауар көлемі – 1 944 546 кг. Бір данасының бағасы- 263 теңге.

Сипаттамада тапсырыс беруші сатып алынған тауардың өзіндік құнына барлық қосымша шығындардың кіретінін көрсетті. Оның ішінде тауарды тасымалдау, тиеу, түсіру, сақтау шығындары бар. Тауарды жеткізу аймақтық типографияның қажеттілігіне сәйкес жүзеге асырылады.

Газет 2021 жылдың соңына дейін ай сайын жеткізілуге тиіс.

Тауар Нұр-Сұлтан, Қостанай, Петропавл, Шымкент, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Орал, Атырау, Павлодар, Өскемен, Қарағанды қаласына таратылады.

Байқаудың аяқталу уақыты – 19 ақпан.

Ал «ҚАЗАҚСТАНСКАЯ ПРАВДА» республикалық газетін шығаруға кететін қағазға 293 484 602 теңге жұмсау жоспарланған. Тауар көлемі – 1 114 216 кг.
Бір данасының бағасы 263 теңге.

Сатып алынған тауарлардың өзіндік құнына жеткізу, тасымалдау шығындары кіреді. Онда тиеу, түсіру, сақтау, сондай-ақ баспа цехына тасымалдау қажеттілігімен байланысты шығындар міндеттелген.

«Казахстанская правда» газеті Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар, Петропавл, Орал, Өскемен, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Қызылорда қалаларына жеткізіледі.

Байқау 26 қаңтарда аяқталады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.