Екібастұзда ЖЭО учаскесінің бастығы қайтыс болды.
Екібастұзда ЖЭО учаскесінің бастығы қайтыс болды

5 желтоқсан күні «Екібастұзжылуэнерго» ЖЭО қызметкері қайтыс болғанын растады.

«4 желтоқсан күні «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС-не полиция басқармасынан қаладағы гараждардың біріндегі көлік ішінен Екібастұз ЖЭО қызметкерінің денесін тапқаны туралы қоңырау түсті. Деректерді тексеру кезінде ол шынымен орталық қызметкері екені анықталды», – деп жауап берді кәсіпорын өкілдері pavlodarnews.kz басылымына.

Болжамдардың бірінде әйелімен жанжалдасып қалған ол гаражға кетіп, сондағы көлігін оталдырған. Кейін ол ұйықтап, газдан уланып қалған болуы мүмкін.

Қаза тапқан ЖЭО учаскесінің бастығы туралы ақпарат әлеуметтік желіде кең тарады. Онда қаза тапқан 33 жастағы ер адамның денесі гараждан табылғаны, оның денесінде зорлық іздері болмағаны туралы полицияның баянаты жарияланды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.