12-03-24 |
4210 рет қаралған
Қазақстанда бір жылда 4 716 қоқыс орны жойылды.
Қазақстанда бір жылда 4 716 қоқыс орны жойылды

Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді.

Ғарыштық мониторинг аясында 2023 жылы Қазақстанда 5 534 санкцияланбаған қоқыс жинау орны анықталды, әкімдіктер бүгінде олардың 86%-ын жойды.

Мобильді топтар 63 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық тіркеді.

Сондай-ақ ведомство басшысы еліміздегі коммуналдық қалдықтарды басқару бойынша жағдайды жақсарту үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

«Қалдықтарды мемлекеттік реттеу, атап айтқанда, қауіпті қалдықтарды қайта өңдеу және жою саласындағы қызметті лицензиялау, сондай-ақ олардың барлық түрін жинауды, сұрыптауды, тасымалдауды жүзеге асыратын субъектілер үшін хабарлама жасау тәртібі енгізіледі. Стихиялық қоқыстардың азаюына ықпал ететін тағы бір міндетті экологиялық талап – қоқыс шығаратын машиналарды GPS датчиктермен жабдықтау. Мәлімет Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ақпараттық жүйісіне нақты уақыт режимінде беріледі. Бұл жүйе өткен жылғы күзден бастап тәжірибелік мақсатта пайдаланылып келеді. Биыл оны өнеркәсіптік пайдалануға беру жоспарланып отыр», — деді Е. Нысанбаев.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.