БҰҰ вакцинасы жоқ жақындап келе жатқан пандемия туралы дабыл қақты.
БҰҰ есебіне сәйкес, ХХІ ғасырдағы құрғақшылықтан кем дегенде 1,5 миллиард адам зардап шекті, ал экономикалық шығын 124 миллиард долларға бағаланады.
Сарапшылардың пікірінше, шығындардың нақты мөлшері бірнеше есе көп, өйткені келтірілген мәліметтерде дамушы елдердің аталмыш табиғи құбылыстан көрген шығындарының көп бөлігі жоқ.
Келесі пандемия құрғақшылық болады, оны емдейтін вакцина жоқ. Алдағы бірнеше жылда әлемнің көп бөлігі су тапшылығымен өмір сүреді, ал сұраныс ұсыныстан асып түседі”, – деді БҰҰ Бас хатшысының апаттар қаупін азайту жөніндегі арнайы өкілі Мами Мизутори.
Оның сөзінше, көпшілік құрғақшылық Африканың шөлді аймақтарына ғана әсер етеді деп ойлайды. Алайда, қазіргі уақытта бұл кең таралған құбылыс, және ғасырдың аяғында барлық дерлік елдер оны қандай-да бір түрде сезінеді.
Баяндамада бұл үдеріске халық санының өсуі де ықпал ететіні айтылады.
“Адамдар құрғақшылық жағдайында 5 мың жыл өмір сүрді, бірақ қазір біз басқаша нәрсені көріп отырмыз», – деп атап өтті БҰҰ-да.
Құрғақшылықтың негізгі факторы – климаттық өзгерістер нәтижесінде жауын-шашын сипатының өзгеруі. Сондай-ақ, қарқынды ауылшаруашылық қызметі жағдайында су ресурстарын тиімсіз пайдалану және жердің тозуы да маңызды рөл атқарады.
Осыған байланысты Мизутори әлемдік үкіметтерді суды өндіру, сақтау және пайдалану мен жерді басқару тәсілдерін реформалауға шақырды.