arasha.kz

Тоқаев Атыраудағы экология мәселесін шешуді тапсырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының экологиялық жағдайына алаңдады. Президент шенеуніктерге аймақтағы қоршаған ортаның жағдайын жақсартуды тапсырды.

Тоқаев Атыраудың Қазақстандағы ауаның ластану деңгейі жоғары қалалар тізіміне тұрақты түрде енетіндігін баса айтты.

«Азаматтардың өмір сүру сапасы мен денсаулығы экологиялық ахуалға тікелей байланысты екені белгілі. Бұл тарапта Атырау облысы мақтанарлық жағдайда емес. Былтырдың өзінде өңірде ауаны ластаған 160 жағдай тіркеліпті», – дейді Тоқаев.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы экологиялық тиімділікті арттыратын бағдарламаны қолға алуды тапсырды.

«Біз озық халықаралық стандарттарға сай келетін жаңа экологиялық кодекс қабылдадық. Экологиялық тиімділікті арттыратын бағдарламаларды қолға алған кәсіпорындар қалдық шығарғаны үшін төленетін ақыдан босатылады. Бұл саладағы қолжетімді технологияның ең таңдаулысы мұнай-газ кәсіпорындарына енгізілуі керек. Үкімет өңірдегі қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, бұл мәселені мұқият бақылауға алсын», – деді президент.

Exit mobile version