22-07-20 |
1500 рет қаралған
Тоқаев «Көбейтұзды» ластағандарды сынға алды.
Тоқаев «Көбейтұзды» ластағандарды сынға алды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Көбейтұз» деп аталатын ерекше көлді  ластағандарды сынға алды.

«Азаматтардың табиғи демалыс орындарындағы жаппай мәдениетсіздігі тоқтамай тұр. Отандастарымыздың ерекше қызғылт түсті «Көбейтұз» көліне келтірілген орасан зор зиянға қатысты алаңдаушылығы орынды», -деп жазады президент өзінің twitter парақшасында.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев жас ұрпақтың тәрбиесіне кері әсер ететінін жеткізіп, құзырлы орындар осы мәселемен жұмыс істеу керектігін айтт.

«Бұл жағымсыз әрекеттер өскелең ұрпаққа жүргізілетін экологиялық ағарту жұмыстарының түйткілдерін ашып берді. Білім, Экология, Ақпарат министрліктері бұл мәселені жұмыстарының басым бағыты ретінде қарастыруы керек», -деді президент.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.