18-02-20 |
2260 рет қаралған
Үкімет Семей полигонына радиоактивті қалдықтарды көмбек.
Үкімет Семей полигонына радиоактивті қалдықтарды көмбек

Кеше, 17 ақпанда экология, геология және табиғи қорлар министрлігі және «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы арасында қоршаған ортаны қорғау саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Рәсім барысында экология, геология және табиғи қорлар министрі Мағзұм Мырзағалиев: «Аталмыш меморандум аясында Үлбі металлургия зауытының қатты радиоактивті қалдықтарын бұрынғы Семей сынақ ядролық полигонында көму жөніндегі жобаны жүзеге асыру жоспарланған» деді.

Министрдің айтуынша, Қазіргі кезде Үлбі металлургия зауытының радиоактивті қалдықтары арнайы қоймада сақталады. Меморандум аясында қалдықтарды Семей полигонына көму арқылы радиоактивті қалдықтардың қоршаған орта мен аймақ тұрғындарына теріс әсерін барынша азайтуға болады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.