24-02-21 | 16:07
Елімізде айына 500 мың теңгеден аса зейнетақы алып отырғандар бар.

Қазақстандағы ең көп зейнетақы мөлшері белгілі болды. Елімізде айына 522 610 теңге зейнетақы алатындар бар.
2021 жылдың 1 ақпанына қарай БЖЗҚ 167 423 алушыға төлем жасады. Барлығы 73,8 млрд теңгеге 172 мыңнан астам зейнетақы төлемдері, біржолғы зейнетақы төлемдері және сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды.
Оның ішінде:
- Біржолғы зейнетақы төлемдері – 49,6 миллиард теңге;
- сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 9,1 миллиард теңге;
- зейнеткерлік жасқа толу бойынша төлемдер – 6,5 миллиард теңге;
- мұрагерлік бойынша төлемдер – 5,9 миллиард теңге;
- тұрақты тұруға кетуге байланысты – 2,1 миллиард теңге;
- жерлеуге төленетін төлемдер – 0,4 миллиард теңге;
- мүгедектік бойынша төлемдер – 0,2 миллиард теңге.
Айта кетейік, кесте бойынша зейнетақы жасына жетуіне байланысты ай сайынғы орташа төлем сомасы 25 886 теңгені құрады, ал ең жоғарғы төлем – 522 610 теңге.
Соңғы мақалалар.
-
2021-04-12 18:44:16
-
2021-04-12 16:21:03
-
2021-04-12 12:38:45
-
2021-04-12 11:54:28
-
2021-04-12 11:39:12
-
2021-04-12 10:52:28
-
2021-04-12 09:53:52
-
2021-04-12 09:16:36
-
2021-04-09 20:25:29
МІНБЕР.
ӨЗГЕ ДЕ МАҚАЛАЛАР.