Елімізде бір облыстың төрт ауданына санитарлық бекет қойылады.
Елімізде бір облыстың төрт ауданына санитарлық бекет қойылады

Шемонаиха, Бородулиха, Үржар, Зайсан аудандарында шектеу шараларына сәйкес санитарлық бекеттер жұмыс жасайтын болады.

Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері жаңа қаулы жариялады.

«Үржар, Бородулиха, Шемонаиха, Зайсан аудандарының әкімдері, ШҚО денсаулық сақтау басқармасы, ШҚО Мемлекеттік кірістер департаменті, ШҚО полиция департаменті, қалалар мен аудандардың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары:

«Ауыл», «Уба», «Бақты», «Майқапшағай» (Шемонаиха, Бородулиха, Үржар, Зайсан аудандары – әрқайсысында біреуден) өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы автоөткізгіштердегі төрт санитарлық бекеттің жұмысын қамтамасыз етсін – ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы темір жол, теңіз, өзен көлігінде және автоөткізгіштерде өткізу пункттеріндегі шектеу шараларына» сәйкес», – делінген қаулыда.

Қаулы 22 ақпаннан бастап күшіне енеді және ресми жойылғанға дейін қолданылады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk