04-05-21 | 10:10
Елімізде ХҚКО-дағы жүйе жүктемелерді көтере алмай істен шығып жатыр.
Елімізде ХҚКО-дағы жүйе жүктемелерді көтере алмай істен шығып жатыр

Қазақстанда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы жүйе жиі істен шығады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Әділ Қожықов халықтан кешірім сұрады.

«Өкінішке қарай, 10 жыл бұрын 30-40 қызмет түрін ұсыну үшін енгізілген жүйелер бүгінгі таңдағы жүктемені көтере алмайды. Сондықтан қазір мамандарымыз ХҚКО ақпараттық жүйесін ауқымды модернизациялауды бастады. Алдымен арнайы орталықтарда көрсетілетін қызметтерден бастаймыз», – дейді Кожықов.

Төраға пікірі  Facebook-тегі жеке парақшасына шықты. Басқарма басшысы жұмыс процесіндегі олқылықтың орын алу себебі қолданыстағы ақпараттық жүйелердің тозуымен байланыстырған.

Ол жұма күні болған ірі ақаулардан кейін мекеме қызметкерлері ақпараттық жүйенің мәселелерін шешу үшін жұмысқа шыққанын еске салды.

Ал қазіргі кезде мамандандырылған ХҚКО клиенттерге қалыпты жағдайда қызмет көрсетуде.

«Біз елдегі жағдайды үнемі бақылауда ұстап отырмыз. Ахуалдық орталықтың мамандары қандай да бір келеңсіздіктер туралы дер кезінде нақты хабарлайтын болады. Осы кезге дейін орын алған олқылықтар үшін азаматтардан кешірім сұраймыз», – деді ол.

Қожықовтың айтуынша, ертең халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері филиалдарда клиенттердің жаңа легін күтіп, қарқынды режимде жұмыс істеуге дайын.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.