Елімізде вакцина сақтаудың температуралық режимі бұзылған.
Елімізде вакцина сақтаудың температуралық режимі бұзылған

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңесте вакцинаны тасымалдау мәселелсіне тоқталды. 

Мемлекет басшысы вакцинаға күмәнмен қарайтындарға, екпенің қаншалықты маңызды екенін түсіндіру қажеттігі туралы жеткізді. 

Кейбір аймақтарда вакциналарды сақтаудың температуралық режимін бұзу фактілері анықталды. Бұл вакцинаның әсер ету тиімділігінің төмендеуіне себеп болғанын айтты Тоқаев. 

Вакциналарды тасымалдау мен сақтаудың барлық аспектілері нақты қарастырылуы керек. Өкінішке орай, соңғы мәліметтер барлық облыстардың бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырмағандығын көрсетеді”, – дейді мемлекет басшысы. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.