19-02-21 | 14:33
Елімізде зейнетақы қорындағы жинақ қандай ем түрлеріне пайдаланылады.
Елімізде зейнетақы қорындағы жинақ қандай ем түрлеріне пайдаланылады

Қазақстандықтар зейнетақы қорындағы жинақты қандай емге жұмсай алады? Денсаулық сақтау министрлігі арнайы бекітілген медициналық қызметтер тізімін ұсынды.

Әділет министрлігі емделуге бір реттік зейнетақы төлемдерін пайдалану туралы бұйрықты тіркеді. Бұйрық 2021 жылы 17 ақпанда ҚР әділет министрлігінде тіркелді.

Бір реттік зейнетақы төлемдерін емделу үшін пайдалану Қазақстан азаматтарына тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемімен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылмаған қосымша медициналық қызметтерді алуға мүмкіндік береді.

Біржолғы зейнетақы төлемдерімен төленетін медициналық қызметтердің тізіміне мыналар кіреді:

орфандық (сирек кездесетін) ауруларды емдеу, оның ішінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, сондай-ақ емдеу тактикасын анықтау үшін диагностикалық зерттеулер; операциядан кейінгі тыртықтар мен туа біткен ақауларды түзету мақсатында;

Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан медициналық ұйымдарда көрсетілетін стоматологиялық қызметтер (стоматологиялық протездеу, имплантация);

радиохирургиялық емдеу (гамма пышақ, киберпышақ);

протонды терапия;

офтальмологиялық қызметтер (көздің қабығына кросслинкинг жаау, көруді лазерлік түзету).

Халықтың қажеттілігін ескере отырып, медициналық қызметтердің бұл тізімін қайта қарауға болады. Бұл бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді және жақын арада жарияланады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.